Баланы асырап алғандар үшін тиісті куәлікті қайталап алуға қалай өтініш беру керек?

Достар, біз, әдеттегідей, мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде алу жолдарымен бөлісуді жалғастырамыз.
Бүгін #oqy&toqy айдарында
Баланы асырап алғандар үшін тиісті куәлікті қайталап алуға қалай өтініш беру керектігін айтамыз!
Ол үшін: - Egov.kz порталына кіріп, авторизациядан өтіңіз -
Азаматтарға тарауынан «Отбасы» бөлімін таңдаңыз -
«Ұлды/қызды асырап алу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру» қызметін тауып, онлайн сұрау салыңыз -
Әрі қарай асыраушы туралы мәліметтерді толтырып, төлем жүргізіңіз (қызмет құны – 1 АЕК)
Дайын құжат электронды форматта 1 жұмыс күні ішінде дайын болуы тиіс!