
Құрметті Қарасай ауданының тұрғындары мен қонақтары!
«Алматы облысы бойынша «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесі» Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «IQ DODA» зияткерлік ойынын іске қосады!
Ойынның мақсаты – Елбасы идеяларын біріктіру, қазіргі заман талабына сай интеллектуалды даму.
📌 Конкурсқа қатысу ережелері мен шарттары:
1. Командада 5 адам болуы керек;
2. Команда қатысушыларының жасы 18-ден жоғары болуы тиіс;
3. Команданың атауын ойлап тауып, қалаңызды немесе ауданыңызды көрсетуіңіз керек;
4. Ойын классикалық 7 раундтан тұрады;
5. Капитандар әр турдан кейін толтырылған жауап қағаздарын ойын ұйымдастырушыларына беріп отырады.
6. Қатысушылар барлық санитарлық талаптарды сақтауы тиіс (медициналық бетперде, антисептик).
Зияткерлік ойын екі тілде жүргізіледі: қазақ және орыс.
Ойын 05 қазан күні сағат 11:00-де, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласындағы №1 балалар жасөспірімдер спорт кешенінде өтеді.
БАРЛЫҚТАРЫҢЫЗҒА СӘТТІЛІК 💪🏻!!!