
ХАБАРЛАНДЫРУ
Мемлекеттік тапсырыс алатын балабақшаларға қойылатын талаптар күшейтетін бұйрық қабылданды. Енді мемлекеттік тапсырыс балаларға қолайлы және қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған жаңа ережелер бойынша орналастырылады. Ережемен төмендегі сілтеме арқылы таныссаңыздар болады.
Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 тамызда № 29323 болып тіркелді. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029323