лого

Меню

Страницы

Статья

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары бір жыл ішінде 1 триллион теңгеге өсті БЖЗҚ-ның 1 қыркүйектегі негізгі көрсеткіштері

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары бір жыл ішінде

1 триллион теңгеге өсті

БЖЗҚ-ның 1 қыркүйектегі негізгі көрсеткіштері

 

2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,97 трлн теңге  зейнетақы жинақтары қалыптасты. Бір жыл ішінде(01.09.2021ж. -01.09.2022 ж.) сома 1,02 трлн теңгеге немесе 7,9 % өсті.

Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 13,6 трлн теңгені құрады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары 416,0 млрд теңге, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы көлемі шамамен 3,0 млрд теңге.

Кіріс ағындары, атап айтқанда, жарналар биыл көбейе түсуде. 2022 жылдың сегіз айында салымшылардың шоттарына жалпы көлемі шамамен 1,1 трлн теңгезейнетақы жарналары түсті, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 29% немесе 246,7млрд теңгеге көп. Өсім жарналардың барлық түрі бойынша болғанын атап өту керек.  Жарналардың жалпы көлемінің 95,3% БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша түсімдер құрайды – 1,0 трлн теңге (соңғы 12 айдағы өсім 29%), МКЗЖ бойынша 50,1 млрд теңге (өсім 37%) түссе, ЕЗЖ бойынша 1,6 млрд теңге (өсім 293%) аударылды.

Зейнетақы жинақтарының айтарлықтай өсуі 2022 жылғы 1 қаңтар мен 1 қыркүйегі аралығында шамамен 694,7 млрд теңгені құраған таза инвестициялық табыстың арқасында қамтамасыз етілді.

2022 жылдың 1 қыркүйегіне  БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 12,0 млн бірліккежетті. Шоттардың ең көп үлесі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен ашылды – 10 907 012 бірлік. МКЗЖ бойынша қалыптасқан шоттар 581 410 бірлік болса, ЕЗЖ есебінен қалыптасқан жеке зейнетақы шоттарының саны 346 793 бірлікке жетті.

Жыл басынан бері БЖЗҚ өз салымшыларына 1 триллион теңгеден асатын соматөледі. Оның басым бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу мақсаттарына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрады – 868,3 млрд теңге. Жасына байланысты төлемдер – 75,9 млрд теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 43,2 млрд теңге, ҚР шегінен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер – 34,0 млрд теңге, сақтандыру ұйымдарына аударымдар шамамен 17,5 млрд теңге, жерлеуге арналған төлемдер – 3,7 млрд теңге және мүгедектік бойынша төлемдер – 1,6 млрд теңге.

Атап кету керек, БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем (зейнет жасына толуына байланысты) 29 859 теңге, ал ай сайынғы ең жоғары төлем 707 326 теңге болды.

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

 

 

Дата публикации
29 сентября 2022
Дата обновления
Тип
БЖЗҚ

Сейчас читают

17 октября 2026
Инфографикалар
14 октября 2026
МАСЛИХАТ-2026
13 октября 2026
Указ Президента РК

Социальные медиа

Қарасай ауданы
Қарасай ауданы
Қарасай ауданы
Қарасай ауданы
Карасай ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы