
Қарасай ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия
Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия өз қызметін ҚР Үкіметінің 18.03.2020 жылғы №122 қаулысы негізінде жүзеге асырады.
Кәмлетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия кәмелетке жасы толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың, олардың қараусыз және панасыз қалуының алдын алу, заңды мүддерлерін қорғау және қалпына келтіру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен шарттарды анықтау және жою, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылықтан және қатыгездікпен қараудан, қоғамға жат әрекеттерден қорғап, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылды.
Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссия төраға, төрағаның орынбасары, Комиссия мүшелері және хатшы құрамында құрылады.
Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Бала құқықтары туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарының, осы Ереженің және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықытық кесімдердердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негізінде жүзеге асырады.
Ағымдағы жылдың тамыз айына Қарасай ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия 14 отырыста 48 материал қаралды. Кәмелетке толмаған жасөспірімдерге қатысты 3 материал бойынша ата-аналық құқығынан шектету бойынша сотқа талап арыз жолдану, 5 материал арнайы мектеп интернатқа орналастыру бойынша сотқа талап арыз жолдану қажеттігі туралы шешім шығарылды. 1 жасөспірім екі жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеуде. қамқорлыққа алу туралы –2, жасөспірімдер арасында ата-анасына бағындай, үйден қашу – 4, туу туралы куәліктерді рәсімдеу– 5, мектеп интернатқа орналасыру – 4, отбасымен профилактикалық жұмыстар жүргізу – 21, балалар үйіне орналастыру – 3