лого

Меню

Страницы

Статья

Қарасай ауданы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылу барысы туралы 2021 жылдың 2 тоқсанына ақпарат

Қарасай ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомоствоаралық комиссияның 2 тоқсандағы отырысында Қарасай ауданы бойынша Қазақстан Республикасындағы 2015-2025 жылдарға арналған  сыбайлас  жемқорлыққа қарсы стратегиясын  іске асыру  және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл  іс-шаралар    жоспарының»  орындалысы туралы  аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Ж.Катубаевтың, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы О. Жұматаевтың  Жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимылдың жай-күйі және қабылданып жатқан шаралар туралы аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Болубаевтың есептері, «Жетісу – адалдық  алаңы»  жобасының жұмысы туралы аудандық ішкі саяст бөлімінің басшысы А.Нүрекеновтің   ақпараты  қаралды.

           «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі 2021 жылдың басынан бері жоба аясында 48 кездесу ұйымдастырды. Жылдық жоспарларға сәйкес қаңтар-маусым айлары аралығында 131 шара өткізілді.  

        Дәріхана қызметкерінің нұсқаулығысыз дәрі-дәрмекті сатуға болмайтындығы туралы сондай-ақ дәрі-дәрмектің бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында 22 мониторинг жұмыстары жүргізілді.

        Сыбайлас жемқорлыққа байланысты 4 дөңгелек үстел, 3 семинар  өтті.

        Жандосов тұрғындарының арасында мейірімділікті арттыру мақсатында «Жетісу адалдық алаңы» аясында бастама алған «Мейірім» атты                                  әлеуметтік эксперимент жүргізілді.

       Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 2 округте  80 дана брошюралар таратылды.

         «Жетісу адалдық алаңы» аясында  4 округте «ЖОЛ БЕР – ӨМІР СЫЙЛА» акциясы ұйымдастырылды.

         Сонымен қатар «Адал көмек» жобасы аясында 50,  «Ақпарат үгіт-насихат штабы» жобасы аясында 22, «Антикор лайф» жобасы аясында                        1 тікелей эфир өткізілді.

         Сыбайлас жемқорлық тақырыбында 2 бейнеролик түсірілді.

         «Жетісу адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімінің орынбасарының, аудан депутаттарының  азаматтарды қабылдауы өтті.

        «Ізгілік елі» жобасын іске асыру шеңберінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға тегін заң көмегін көрсеттілді, мұқтаж азаматтарға 5 рет волонтерлік көмек көрсетілді.

        «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» бағдарламасын іске асыру мақсатында Жібек жолы ауылдық округінде әлеуметтік қамсыздандыруды жеңілдіктерін түсіндіру бойынша «Ашық есік күні» өткізілді

           Сонымен қатар аудан аумағындағы 9 мектеп, Қарасай ауданы әкімдігі «Open Space» форматында жұмыс істейді.

           23 мекеменің басшысы және барлық мектеп директорларының кабинеттері 1-ші қабатқа орналастырылып,  барлық мектептің 1-қабатына арнайы «сенім жәшігі» ілінген. 

          «Заман жаршысы» газетіне жыл басына 15 мақала беріліп, аудан аумағында 5 билборд ілінді.

            Сонымен қатар, Кеңсе жанынан әр саладағы ашықтықты көрсетуге бағытталған бірнеше жоба қолға алынған. Олар – «Адал көмек», «Саналы ұрпақ», «Сапалы жол – адалдық  алаңы», «Парасаттылық мектебі», «Мобильді ауыл».

           Кеңсе жанынан билік институттарына қоғамның сенімін арттыруға бағытталған «Адал көмек» жобасы бойынша тұрғындарға тегін құқықтық кеңес беру үшін әлеуметтік желілерде бөлім басшылары, мамандары онлайн қызмет көрсетуде.

 2021 жылы- Қаскелен қаласы мен Жандосов ауылында, 2022 жылы - Іргелі, Жібек жолы ауылдарында, 2023 жылы – Елтай ауылында сервистік әкімдіктер ашу ашу жоспарланған. Сервистік әкімдік халыққа барынша қолайлы жағдай жасап қана қоймай, тұтынушылардың қызметін кедергісіз алуына мүмкіндік береді.Аудандағы мекемелер мен ұйымдарда 106  өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жасақталды,

2021 жылдың қаңтар-наурыз айларына 26 мемлекеттік мекеме мен 17 квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша ішкі талдау жүргізіліп, ішкі талдау қорытындылары бойынша анықталған тәуекелдерді жою жөніндегі  іс-шаралар жоспарын жасалып, әкімдіктің ресми сайтында жарияланды. Талдау қорытындысы бойынша әзірленген ұсынымдардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша  іс-шаралар жоспары  бекітілді.

Дата публикации
29 июня 2021
Дата обновления
29 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

17 октября 2026
Инфографикалар
14 октября 2026
МАСЛИХАТ-2026
13 октября 2026
Указ Президента РК

Социальные медиа

Қарасай ауданы
Қарасай ауданы
Қарасай ауданы
Қарасай ауданы
Карасай ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы