
Ағымдағы жылдың 21 қаңтар күні аудан әкімінің орынбасары А.Назарбаеваның төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиын санитарлық талапқа сай өткізілді. Күн тәртібінде комиссияның 2021 жылға арналған жұмыс-жоспары таныстырылып, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу» туралы Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру бойынша жүргізілген жұмыстардың барысы және қабылданған шаралар туралы мәселелер талқыланды. Комиссия отырысында аталған мәселелер бойынша К.Қошмамбетов атындағы орта мектебінің директоры Смагулова Нургуль Нурмагамбетқызының есебі тыңдалды. Аудандық Полиция басқармасының кәмелетке толмағандардың ісі бойынша инспекторлары ұсынған 2 іс қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.