лого

Меню

Страницы

Статья

Өрт сөндірушілердің көзімен - азаматтық қорғау органына 25 жыл

 «Адамға өзі туралы еске алатыны туралы білу өте маңызды, оның еңбек қызметі, қоғамға тигізетін пайдасы ұмытылмайды».

Биылғы жылы азаматтық қорғауға 25 жыл толады, және біздің жолдасымыз және әріптесіміз азаматтық қорғау старшинасы Байрамов Саадин Жафарович дәл осынша жылын өзінің кәсібіне арнап келеді.

Саадина Жафарұлы өзінің еңбек жолын сонау 1995 жылы Қаскелең қаласындағы №171 өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші болып бастаған, және осы күнге дейін Қаскелеңдегі 9-ӨСБ  жұмыс атқарады.

Өздеріңіз білетіндей, өрт сөндірушілердің өздері - ақылды, мықты және батыл адамдар, олар осы күрделі қызметті орындай отырып, күн сайын отпен күресіп, адамдарды құтқарады. Біздің өрт сөндірушілер дәл осы қалпында қызмет етеді. Өртпен күресу гарнизонның жауынгерлік дайындығын үнемі ұстап тұруды қажет етеді, сондықтан өрт сөндіру бөлімінің штурвалына кездейсоқ адамдар жіберілмеді.

Дәл солар қатал жылдарға төтеп беріп, өртті сөндірді ісін, дәстүрлерін жоғалтай дәріптеп келеді. Дәл біздің өрт сөндірушілер өрт сөндіру техникасы мен әдістерін жетілдіруде, материалдық-техникалық қамтамасыз етуде, жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеуде және өрттің алдын алуда сенімді тірегі болып есептеледі.

Ол бірнеше рет өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға, өртті сөндіруге ұйымдастыып және басшылық еткен, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысқан.

Қызмет барысында ол «Мінсіз қызметі үшін 1, 2 және 3 санаттағы » медальдармен және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

Ұзақ және мінсіз қызмет үшін жинақталған білім, тәжірибе, олар өрт сөндірушілердің жаңа буынына берілді - бұл азаматтық қорғанысты осыған дейін де ұстап келді және әлі де ұстап келеді. Азаматтық қорғау саласындағы жасаған үлесіңізбен жұмысыңыз үшін алғысымыз шексіз және мақтан тұтамыз!

Дата публикации
13 октября 2020
Дата обновления
13 октября 2020
Тип

Сейчас читают

17 октября 2026
Инфографикалар
14 октября 2026
МАСЛИХАТ-2026
13 октября 2026
Указ Президента РК

Социальные медиа

Қарасай ауданы
Қарасай ауданы
Қарасай ауданы
Қарасай ауданы
Карасай ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы