лого

Меню

Страницы

Статья

«Қарасай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» меммлекеттік мекемесінің 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі есебін жария талқылау

 

 

«Қарасай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі»

меммлекеттік мекемесінің 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі есебін жария талқылау

 

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының          1-тармағының, 16-тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының, 1-тармақшасына сәйкес, ауыл шаруашылығы саласында    мемлекеттік қызмет  көрсету.        

         Есеп мемлекеттік органдардың қызметінің анықтығын және есептілігін арттыру, мемлекеттік қызметті көрсету процесін жетілдіру мақсатында қалыптастырады.

2024 жылы ауыл шаруашылығы бөлімінде жалпы көрсетілген мемлекеттік қызметтер:

  1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/267 бұйрығына сәйкес,Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тіркеу мен нөмірлік белгі беру, мемлекеттік тіркеуден шығару бойынша жалпы - 885 қызмет көрсетілді.
  2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы30 наурыздағы № 4-3/270 бұйрығына сәйкес,«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру» бойынша - 76 қызмет көрсетіліп, жүргізу құқығын растайтын куәліктер берілді.
  3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №4-3/268 бұйрығына сәйкес, «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепiлге қоюды мемлекеттiк тiркеу» бойынша -15 қызмет көрсетіліп, алынған берешектерін толық өтеген сәттен бастап, кепілден шығарылады.
  4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/269 бұйрығына сәйкес, «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу» бойынша-136 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, бақылаудан өткізілді.

 

 

Мемлекеттік қызмет көрсету:

 

2024 жылға бекітілген медиа жоспарға сәйкес: газетте 3 мақала, әлеуметтік желіде 1 мақала, аудан әкімінің сайтында 1 мақала жарияланды, 1 бейнеролик, 2 жәрмеңке, 1 дөңгелек үстел өткізілді.

Есептік кезеңде бөлімде 1 мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Қосымша бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді зерделеу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау бойынша мемлекеттік қызметшілер үшін 1 оқыту семинары өткізілді.

Бөлім тарпынан тиісті нормативтік құжаттар қабылданған, мемлекеттік қызметті көрсетуге, жинақтауға жауапты тұлғалар бекітілген.

Халықты мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратпен құлақтандыру үшін бөлім көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсету тәртібі ілінген хабарландыру тақтасы бар.

Мемлекеттеік қызметтерді көрсету тәртібі Қарасай  ауданы әкімінің ресми сайтында, «Электронды үкімет» веб-порталында жарияланған.

Тиімділік бағасының критерилерінің бірі уақытылы сапалы қызмет көрсету болып табылады.

         Сонымен қатар мемлекеттік қызметті көрсету барысында есепті кезеңде негізссіз қайтарылған, мерзімінен кешіктірілген  қызмет көрсетулер  бөлімде орын алмады.

         Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі :

         Жеке және заңды тұлғалар:

         1) Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қызмет жүзеге асырылады.

         2)«Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» (ХҚКО) www.egov.kz веб-порталынан  яғни e-license.kz  нәтижесі беріледі.

        

         Ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру негізгі мақсат болып табылады.



 

 

 

 

 

 

Дата публикации
17 марта 2025
Дата обновления
17 марта 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

17 октября 2026
Инфографикалар
14 октября 2026
МАСЛИХАТ-2026
13 октября 2026
Указ Президента РК

Социальные медиа

Қарасай ауданы
Қарасай ауданы
Қарасай ауданы
Қарасай ауданы
Карасай ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы