Басты міндеттері - халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсарту.
Негізгі мақсаттар:
1) өз құзыреті шегінде жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы салааралық үйлестіру мен әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
3) қиын жағдайдағы адамдарға және ведомстволық бағыныстағы мекемелерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру;
4) аз қамтамасыз етілген азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету, мүгедектерге және азаматтардың басқа да санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру;
5) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің сақталуын қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
- 2021 жылғы желтоқсан айының 31-не атаулы әлеуметтік көмек 1349 отбасына, оның ішінде 7377 мүшелеріне 527,2 млн. теңге көлемінде тағайындалып, төленді.
- 8 ВИЧ ауруымен ауыратын 8 балаға 6,6 млн. теңге төленді.
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктер 4 адамға 341,3 мың. теңге көлемінде төленді;
- Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқытылатын балалары бар аз қамтылған отбасыларғы әлеуметтік көмек 328 отбасына 33,1 млн. теңге көлемінде тағайындалып, төленді.
- Әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын /туберкулез/ азаматтарға әлеуметтік көмек 147 адамға 13,7 млн. теңге көлемінде көрсетілді;
- Семей ядролық полигонынан зардап шеккен мүгедек ретінде танылған азаматтарға бір жолғы әлеуметтік көмек 60 адамға 11,9 млн. теңге көлемінде көрсетілді.
- Чернобыль апатынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек 51 адамға 10,1 млн. тенге төленді;
- Мүгедек балалары бар отбасылар үшін үйде оқыту және тәрбиелеуге 154
отбасына 8,2 млн. теңге төленді;