лого

Меню

Страницы

Статья

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2024 жылдың 2 айында отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 641 млрд теңгеге көбейді БЖЗҚ-ның 2024 жылдың 1 наурызындағы негізгі көрсеткіштері

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2024 жылдың 2 айында отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 641 млрд теңгеге көбейді 

БЖЗҚ-ның 2024 жылдың 1 наурызындағы негізгі көрсеткіштері 

 

2024 жылдың 1 наурызына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушыларының) жеке және шартты шоттарында 18,5 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптастырылды. Жыл басынан бері олардың өсімі 01.03.2024 ж. 641 млрд теңгеден асты (3,6%). Өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі шамамен 3,4 трлн теңгеге немесе 22,3% өсті.

 

2024 жылдың 2 айында зейнетақы жарналарының сомасы 414,9 млрд теңгеболды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 29,8% немесе 95,2 млрд теңгеге артық. Атап кетейік, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) – 23,8%, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) – 22,9%, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – 66,8% бойынша орын алды.

 

Қазақстандықтардың жинақтарының 97% мөлшері МЗЖ есебінен қалыптастырылды, оның көлемі 01.03.2024 ж.шамамен 17,9 трлн теңгеболды (бір жылдағы өсім – 22%, жыл басынан бері-3,5%). МКЗЖ бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 589,9 млрд теңге, жыл ішінде ол 26,5%, ағымдағы жылдың басынан бастап 3,8%  ұлғайды. Ең үлкен өсімді (жылына 49,9%, жыл басынан бері - 8%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, оның көлемі -5,7 млрд теңге.

 

2024 жылғы 1 қаңтарданбастапсалымшылардың (алушылардың) зейнетақышоттарынақосымшақаражат – жұмысберушініңміндеттізейнетақыжарналары (ЖМЗЖ) түсебастады. 2024 жылдың 2 айындаЖМЗЖ есебінензейнетақыжинақтарыныңсомасы 19,2 млрд теңгеденасты.

БЖЗҚ салымшыларыныңжекежәнешарттызейнетақышоттарынаесептелген таза инвестициялықтабысжылбасынанберішамамен343,6 млрд теңгеге жетті.

 

Жылбасынанбері БЖЗҚ-дан төлемдертүріндегішығысағындары 01.03.2024ж.шамамен130,8 млрд теңгеболды. Бұлреттетұрғынүйжағдайларынжақсартуғажәнеемдеугеарналғанбіржолғызейнетақытөлемдері (БЖТ) осы соманыңедәуірбөлігінқұрайды – 57,4 млрд теңгеденастам,бұлөткенжылғыкөрсеткіштен2,6 есежоғары.

Зейнетжасынабайланыстытөлемдер31,1 млрд теңгеденасты.

Сондай-ақ, мұрагерлікбойыншатөлемдер – 9,2 млрд теңге, ҚР шегінентыстұрақтытұруғакетугебайланыстытөлемдер – 5,6 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарғатөлемдер – 558 млн теңге, жерлеугетөлемдер-1,8 млрд теңгекөлемінде жүзегеасырылды. Сақтандыруұйымдарынашамамен25,2 млрд теңгеаударылды.

Атапкетейік, БЖЗҚ-дан кестебойыншаорташаайлықтөлемсомасы (зейнеткерлікжасқатолуынабайланысты) 34 075 теңге, ал ай сайынғытөлемніңеңжоғарысомасы-945 752 теңгеболды. Естеріңізге сала кетейік, өткенжылдың осы кезеңінде БЖЗҚ-дан кестебойынша ай сайынғытөлемніңорташасомасы32 065 теңге, ал ай сайынғытөлемніңеңжоғарысомасы742 692 теңгеболған еді.

2024 жылғы 1 наурыздағыжағдайбойынша БЖЗҚ-дағысалымшылардыңжекезейнетақышоттарының (ЖЗШ) саны - 12,4 млн бірлік, оныңішінде: 11,1 млн - МЗЖ бойынша, 659,4 мың - МКЗЖ бойынша, 407,2 мың-ЕЗЖ бойынша.

2024 жылдың 1 наурызындағыжағдайбойынша БЖЗҚ-дағышарттызейнетақышоттарының (ШЗШ) саны3,05 млн бірлікболды. Онда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкесЖМЗЖ және өзге де түсімдер туралы мәліметтер ескеріледі.

 

Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат, соның ішінде республика өңірлері бойынша мәліметтер enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде орналастырылған.

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
02 апреля 2024
Дата обновления
02 апреля 2024
Тип
БЖЗҚ

Сейчас читают

17 октября 2026
Инфографикалар
14 октября 2026
МАСЛИХАТ-2026
13 октября 2026
Указ Президента РК

Социальные медиа

Қарасай ауданы
Қарасай ауданы
Қарасай ауданы
Қарасай ауданы
Карасай ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы