лого

Меню

Страницы

Статья

Облыс халқынан байланыс сапасына қатысты келіп түсетін шағымдар негізінде облыстық цифрлық технологиялар басқармасы жүргізген тексерулер нәтижесінде облыс елді мекендерінің тұрғындары мобильді байланыс сигналын күшейту үшін мобильді байланыс операторларына бөлінген жиіліктерге кедергі келтіретін ретрансляторларды қолданатыны анықталды

Облыс халқынан байланыс сапасына қатысты келіп түсетін шағымдар негізінде облыстық цифрлық технологиялар басқармасы жүргізген тексерулер нәтижесінде облыс елді мекендерінің тұрғындары мобильді байланыс сигналын күшейту үшін мобильді байланыс операторларына бөлінген жиіліктерге кедергі келтіретін ретрансляторларды қолданатыны анықталды.

GSM сигналының ретрансляторы немесе репитер -бұл дыбыстың анықтығы мен қабылдау сапасын жақсартатын ұялы телефонға, компьютерге келетін сигналды күшейтуге арналған электронды жабдық.

Бұл жабдықты жеке тұлғалар өздігінен орнатып жүр, алайда ретранслятордың конфигурациясы, орнатылуы, баптауы арнайы білім мен біліктілікті қажет етеді. Ретранслятордың дұрыс жұмыс істемеуі мобильді байланыс базалық станцияларының радиожиілік жағдайына әсер етіп, оператордың жиіліктерінде кедергі туғыза отырып басқа пайдаланушылар үшін байланыс сигналын бұғаттап қана қоймай, жедел ден қою қызметтерін(101, 102, 103, 104)шақыруда қиындықтар туғызады.

Қазіргі уақытта мобильді байланыс репитерлері сапалы байланыс ұсынудағы негізгі кедергілердің бірі болып табылады.

Осыған байланысты облыс тұрғындарынан мобильді байланыстың базалық станциялары жұмысына кедергі келтіретін, сол арқылы сигналдың сапасын төмендететін сертификатталмаған мобильді байланыс ретрансляторларын пайдаланбауды сұраймыз.

 

 

Дата публикации
22 февраля 2024
Дата обновления
22 февраля 2024
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

17 октября 2026
Инфографикалар
14 октября 2026
МАСЛИХАТ-2026
13 октября 2026
Указ Президента РК

Социальные медиа

Қарасай ауданы
Қарасай ауданы
Қарасай ауданы
Қарасай ауданы
Карасай ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы