
Қарасай ауданы әкімі аппаратының ғимаратында «Қарасай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселері жөніндегі қызметі туралы есебінің жария талқылауы өткізілді.
Жария талқылау қызмет көрсетушілердің есептілігі мен ашықтығы қағидаларын іске асыруды, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін үнемі жетілдіруді, оларды көрсету үнемділігі мен тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жария талқылаудың барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны, барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және көрсетілетін қызметтерді алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына қанағаттануы туралы мәселелері қарастырылды.
Қарасай ауданы әкімінің аппараты