
Қарасай ауданы әкімі аппараты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 10 сәуір мен 20 сәуір аралығында ауданның «Ауылшаруашылығы мен жер қатынастар бөлімі», «Кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп жатқандығын хабарлайды.
Туындаған сұрақтар бойынша аудан әкімі аппаратының 8(72771)39112 телефон нөміріне хабарласуға болады.