Қарасай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 467 «Қарасай ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

 

         «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Қарасай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 467

«Қарасай ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5375 тіркелген, 2020 жылдың 5 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Назарбаева Айжан Нұрділдаевнаға жүктелсін.
  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
27 ноября 2020