«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, Қарасай ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қарасай ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.
- Қарасай ауданы әкімінің «Қарасай ауданы бойынша дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4958 тіркелген, 2018 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Ә. Әуесбайға жүктелсін.
- Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.