Қарасай ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы                                     28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының                    28-бабының 4 және 6-тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қарасай аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  2. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілсін.
  3. Қарасай ауданы әкімдігінің «Қарасай ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы» 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 1-187 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3696 тіркелген, 2016 жылдың 21 қыркүйегінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Н. Назарбаеваға жүктелсін.
  5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
қосымша 1
Дата публикации
16 ноября 2020