Қазақстан Республикасының 2011 жылы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6 тарауын, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84, 85 баптарын басшылыққа ала отырып, «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті» Республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 19 тамыздағы №26-26/1537-И хатына және осы хатқа қосымша келіп түскен 2020 жылғы 19 қарашадағы №10314 хатына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына шекарасына іргелес жатқан, Л. Панферованың меншігіндегі Алматы облысы, Қарасай ауданы, «Труд» ББСТҚ жайында орналасқан кадастрлық нөмірі 03-047-250-532, жалпы көлемі 0,2649 га жер телімін толықтай бетон каналын орналастыру үшін меншік иесінен мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иеліктен, соның ішінде сатып алу жолымен шығаруы 2021 жылдың 27 ақпаннан басталсын.
- «Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мемлекет мұқтажына жер телімін мәжбүрлеп иеліктен, соның ішінде сатып алу жолымен шығарылатыны туралы, жер телімінің меншік иесінен, осы қаулының жария ету мерзімінен бастап күнтізбелік 3 күн мерзімі ішінде жазбаша түрде хабарлау және Қазақстан Республикасының Заңнамасында көзделген басқа қажетті шараларды қабылдау тапсырылсын.
- Жер телімдерінің меншік иелерімен мемлекеттік емес заңды тұлғалары келісу тәртібін жүзеге асыру орны болып Қарасай ауданы, Шамалған ауылы, Жібек жолы көшесі №47 үй белгіленсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау «Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.(А.Болубаев)