2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) кірістер 37 065 549 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 20 536 191 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 21 492 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 172 500 мың теңге;
трансферттер түсімдері 16 335 366 мың теңге, оның ішінде:
төмен тұрған мемлекеттік басқару органдарынан трансферттер 1 614 845 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік алып қоюлар 1 614 845 мың теңге;
мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер 14 720 521 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы нысаналы трансферттер 10 383 288 мың теңге;
нысаналы даму трансферттері 4 337 233 мың теңге;
2) шығындар 38 679 053 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 208 514 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 262 530 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 1 822 018 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 1 822 018 мың теңге.
Қаскелең қаласынан 708 958 мың теңге;
Жамбыл ауылдық округінен 36 495 мың теңге;
Елтай ауылдық округінен 52 028 мың теңге;
Жібек жолы ауылдық округінен 97 903 мың теңге;
Райымбек ауылдық округінен 247 413 мың теңге;
Бірінші Май ауылдық округінен 8 709 мың теңге;
Жандосов ауылдық округінен 50 845 мың теңге;
Ұмтыл ауылдық округінен 69 165 мың теңге;
Шамалған ауылдық округінен 133 649 мың теңге;
Іргелі ауылдық округінен 193 105 мың теңге;
Әйтей ауылдық округінен 16 575 мың теңге.
өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру;
елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру;
елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;
жерлеу орындарын ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеу;
елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру;
Көрсетілген трансферттерді аудандық маңызы бар қаланың, ауылдық округтердің бюджеттеріне бөлу Қарасай ауданы әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.