«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қарасай аудандық әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
- «Қарасай ауданының Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» 2015 жылғы 25 тамыздағы № 8-686 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3468 тіркелген, 2015 жылдың 21 қазанында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) «Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы № 11-959 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3608 тіркелген, 2016 жылдың 08 қаңтарында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
- Осы қаулының орындалуын бақылау «Қарасай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Әуесбайға жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап
күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.