Қарасай ауданы әкімінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы №1-1 «1995 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 8-тармағына және «Құқықтық актілер туралы»                        2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қарасай ауданының әкімдігі  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «1995 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» Қарасай ауданы әкімінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы №1-1(Нормативтік құқықытық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2-11-114 болып тіркелген,  2012 жылдың 3 наурызында «Заман жаршысы» газетінде жарияланған) шешімінің  күші жойылды  деп танылсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Қарасай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Әуесбайға жүктелсін.
  3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
шешім-решение
Дата публикации
24 февраля 2020