Қарасай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 50-3 «Қарасай ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 109-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы                   23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының                                        1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қарасай аудандық                                                                   мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қарасай аудандық мәслихатының «Қарасай ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 50-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5392 тіркелген, 2020 жылдың 14 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 42 581 845 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 19 317 974 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 26 512 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер  172 696 мың теңге;

трансферттер түсімдері 23 064 663 мың теңге, оның ішінде:

төмен тұрған мемлекеттік басқару органдарынан трансферттер                    2 117 679 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік алып қоюлар 967 606 мың теңге;

нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару 73 мың теңге;

Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің ысырабын өтеуге арналған трансферттер түсімдері 1 150 000 мың теңге;

мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер 20 946 984 мың теңге, оның ішінде:

ағымдағы нысаналы трансферттер 14 489 610 мың теңге;

нысаналы даму трансферттері 6 457 374 мың теңге;

2) шығындар  54 514 853 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу  236 034 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 287 973 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу  51 939 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар  бойынша сальдо 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті)   (-) 12 169 042 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                      12 169 042 мың теңге.».

2-тармақтағы:

«179 567» саны «184 431» санына ауыстырылсын.

  1. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарасай аудандық мәслихатының «Экономика, бюджет, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік пен әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
приложение на казахском
Дата публикации
06 ноября 2020