АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА   Арнайы салық режимдерінің жаңа жүйесі: халықты әлеуметтік және зейнетақы жүйесімен қамтуды кеңейту

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Арнайысалықрежимдерініңжаңажүйесі: халықтыәлеуметтікжәнезейнетақыжүйесіменқамтудыкеңейту

2026 жылғы 1 қаңтарданбастапҚазақстандажаңаСалықкодексініңкүшінеенуінежәне ҚР Әлеуметтіккодексінеөзгерістеренгізілуінебайланыстыжаңартылғанарнаулысалықрежимдері (АСР)[1]енгізіледі: өзін-өзіжұмыспенқамтығандарүшінАСР, оңайлатылған декларация негізіндеАСР, сондай-ақшаруанемесе фермер қожалықтарыүшінАСР (ШФҚ). Бұлрежимдерөзін-өзіжұмыспенқамтығаназаматтардыңсалық қана емес, соныменқатарзейнетақыжарналарыныңміндеттітүрлерін төлеуін де реттейді.

  1. Өзін-өзіжұмыспенқамтығандар, оныңішіндеқызметін интернет-платформалардыпайдаланаотырыпжүзегеасыратындарүшін АСР

2026 жылдан бастап енгізілетін өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР жеке кәсіпкерлер (ЖК) болып табылмайтын және жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын жеке тұлғаларға (Қазақстан азаматтары, қандастар) арналған. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР ҚР Үкіметі бекітетін қызмет түрлерінің шектеулі тізбесіне қолданылады.

АСР қолданатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың күнтізбелік айдағы кіріс лимиті[2] тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 300 еселенген мөлшерінен (жылына 3 600 АЕК) аспауға тиіс.

Осы АСР-ды қолданатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) алған табыстарынан өздері төлейді.

 

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР бойынша зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі: 

  • МЗЖ – табысының 1%,
  • ЖМЗЖ – табысының 1%.

 

Өзін-өзіжұмыспенқамтығандар осы АСР-дыарнайымобильдіқосымшаныпайдаланаотырып, төлем чектеріжәнеөзгекөздерденалынғанкірістертуралыбасқа да мәліметтернегізіндеқолданатынболады. Жалпығаортақпайдаланылатынтелекоммуникацияларжелісіжоқорындардағыөзін-өзіжұмыспенқамтығандарүшінАСРөздеріәзірлегенқарапайымнысанда жүргізіледі. Тек операциялардың күні, атауы, әрбір операция нәтижесінде алынған сомалар, әрбір күндегі,  айдағы қорытынды соманы көрсету  керек.

 

Қызметін интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалану арқылы жүзеге асыратын[3]және АСР қолданатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандардан МЗЖ мен ЖМЗЖ-ны интернет-платформа операторы[4]ұстап, аударатын болады.

Қызметін интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалану арқылы жүзеге асыратын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар төлейтін зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі де жоғарғыдай:

  • МЗЖ – табысының 1%,
  • ЖМЗЖ – табысының 1% (интернет-платформа операторының (агенттің) жеке қаражаты есебінен.

 

Өзін - өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолданудың салықтық кезеңі – күнтізбелік бір ай. 

  1. Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР

ҚР Салық кодексінің 723-бабының 2-тармағында көрсетілген салық төлеушілерді (басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 пайыздан асатын заңды тұлғаларды, коммерциялық емес ұйымдарды, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарға қатысушыларды және т.б.) қоспағанда, ЖК және Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары оңайлатылған декларация негізіндегі АСР қолдануға құқылы.

 

Жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР-ды тиісті шарттарға сәйкес келетін төмендегі тұлғалар қолдануға құқылы:

- күнтізбелік жылдағы шекті кірісі тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын АЕК - тің 600 000 еселенген мөлшерінен аспайды;

- жеңілдетілген декларация негізінде АСР қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің ҚР Үкіметі айқындаған тізбесіне енгізілмеген қызметті жүзеге асыратын тұлғалар. 

 

Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР үшін зейнетақы жарналарының мөлшерлемелері:

  • МЗЖ–табыстың10%
  • ЖМЗЖ –2026 жылытабыстың 3,5%, соданкейінжылсайынөсіп, 2028 жылы 5%-ғадейінкөтеріледі.

 

Оңайлатылған декларация негізіндеарнаулысалықрежимінқолдануүшінсалықжәнеесептікезеңжартыжылдықболыптабылады.

 

Шаруанемесе фермер қожалықтарыүшінАСР

 

Қазақстанаумағындажекеменшікжәне (немесе) жерпайдалануқұқықтары берілген (қайталамажерпайдалануқұқығынқосаалғанда) жеручаскелерібаршаруанемесе фермер қожалықтарыШФҚ үшін АСР қолдануғақұқылы.

ШаруақожалығыныңқызметіАСР-ды қолданушарттарынасәйкескелмейтінжағдайлардықоспағанда, шаруақожалығыүшінтаңдалғанАСР-дыкүнтізбелікжылішіндеөзгертугерұқсат жоқ.

 

ШФҚ үшін АСРзейнетақыжарналарыныңмөлшерлемесі:

  • МЗЖ–табыстың 10%
  • ЖМЗЖ –2026 жылытабыстың 3,5%, соданкейінжылсайын өсіп, 2028 жылы 5% - ғадейінкөтеріледі.

 

ШФҚ үшін АСР-ды қолданатын шаруа және фермер қожалықтары осы салықтық режим қолданылатын қызмет түрлерінен кіріс алған кездетиістісалықтардыесептеуді, төлеудіжәнеоларбойыншасалықесептілігін тапсырудымынадайсалықтықрежимдердежүргізеді:

1) қолданушарттарынасәйкескелсе, оңайлатылған декларация негізіндегі АСР-да;

2) жалпығабірдейбелгіленгентәртіп бойынша.

 

ШФҚ үшінАСР қолдану кезіндегі салықтық және есептік кезең – күнтізбелік жыл. 

 

Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР, өзін-өзіжұмыспенқамтығандарүшінАСР, сондай-ақшаруанемесе фермер қожалықтары (ШФҚ) үшінАСР шеңберінде МЗЖ, ЖМЗЖтөлеутабысалынғанайданкейінгіайдың 25-нен кешіктірілмейжүзегеасырылады.

 

Өзін-өзіжұмыспенқамтығандарүшінАСР, жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР, ШФҚ үшінАСР енгізумыналарғабағытталған:

  • зейнетақыжәнеәлеуметтікжүйеменқамтудыөзін-өзіжұмыспенқамтығандар мен шағын бизнестібелсендітартуесебіненкеңейту;
  • Қазақстанныңмиллиондағаназаматтарыүшін бизнес жүргізудіжеңілдету;
  • мобильдіқосымшалар мен онлайн-платформаларарқылысалықтықәкімшілендірудіоданәріцифрландыру.

Бұлинновацияларзейнетақыжинақтарынқалыптастыруға, жұмысістейтіназаматтардыңәлеуметтікқорғалуынқамтамасызетугежәне "көлеңкеден"шығуүшінынталандыруларжасауғамүмкіндікбереді.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1"Салық салу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі № 215-VІІІ Заңына сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап

[2]ҚР жаңа Салық кодексінің 718-бабына сәйкес

[3]ҚР Әлеуметтік кодексінің 102-1-бабына сәйкес

[4]интернет-платформа операторы (оператор) - интернет-платформаны пайдалана отырып, техникалық, ұйымдастырушылық (оның ішінде жұмыстарды немесе қызметтерді көрсету үшін үшінші тұлғаларды тарта отырып көрсетілетін қызметтерді), Ақпараттық технологиялар мен жүйелерді қолдана отырып, байланыс орнату және қызмет көрсету бойынша мәмілелер жасау үшін ақпараттық және өзге де мүмкіндіктерді ұсыну жөнінде қызметтер көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға интернет-платформада тіркелген орындаушылар мен тапсырыс берушілер арасында қызмет көрсету және жұмыстарды орындау (ҚР Әлеуметтік кодексінің 102-бабы)

 

Дата публикации
08 декабря 2025