Қарасай ауданы бойынша салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 529-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қарасай ауданы бойынша салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. «Қарасай аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Қарасай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.М.Сансызбаевқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бекітілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
приложение
Дата публикации
13 ноября 2020