Қарасай ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), Қаскелең қаласы мен ауылдық елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8-бабының 2-тармағына, 11-бабының 1-тармағына сәйкес, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қарасай ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Қарасай ауданының Қаскелең қаласы және ауылдық елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері осы шешімнің 2, 3-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Экономика, бюджет, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік пен әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту жөніндегі комиссия» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.