Бюджеттiң атқарылуы туралы есеп 31.12.2024 жылға

 

Қарасай ауданының 2025 жылдың 1 қаңтарына бюжетінің

орындалуы жайлы есебіне түсіндірме хат

 

Ауданның 2024 жылдың әлеуметтік–экономикалық дамуының

қорытындылары туралы

 

Қарасай ауданы облыстың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан.               Аумағы 2,0 мың ш. км құрайды, 47 елді мекен орналасқан, аудан орталығы Қаскелең қаласы болып табылады.

2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша аудан халқының саны  352 735 адам, қала тұрғындары 86 554 адам болса, ауыл тұрғындары 266 181 адамды құрайды.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі көлемі 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 621,8 млрд. теңге немесе 2023 жылмен салыстырғанда 45,8 млрд. теңгеге артық орындалды, (2023ж.- 576,1 млрд. тг)нақты көлем индексі 109,4%-ды құрады. Облыстық өнеркәсіп өндірісіндегі ауданның үлесі – 32,7%.

Ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі 2024 жылдың қорытындысы бойынша74,6 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңінен 20,0 млрд. теңгеге кем орындалды (2023 ж.  – 94,6 млрд.тг). Нақты көлем индексі 100,2%. Облыстағы үлесі – 11,1%.

Ауданның шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын 32 мың 827 субъект тіркелген. Шағын кәсіпорындар саны –  4 мың 940, жеке кәсіпкерлер саны – 26 мың 271. Ауылшаруашылығы саласында 2 132 нысан жұмыс атқаруда, бүгінгі күні кәсіпкерлікте 55 мың 250 адам жұмыспен қамтылған.

Инвестиция саласы бойынша негізгі капиталға тартылған инвестициялар 224,2 млрд. теңгеге жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда 70,0 млрд. теңгеге артық орындалды (2023 ж-154,2 млрд. тг). Нақты көлем индексі 140,4% орындалып отыр. Облыс көлеміндегі ауданымыздың үлес салмағы –22,9%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 69,0 млрд. теңгені құрады, өткен жылмен салыстырғанда 4,1 млрд. теңгеге артық орындалды, (2023 ж. – 69,0 млрд. тг). Нақты көлем индексі 137,9%. Облыс көлеміндегі ауданның үлес салмағы – 17,0% құрап отыр.

Тұрғын үйлерді іске қосу бойынша 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жалпы алаңы 245,6 мың. шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20,2 мың. шаршы метрге артық орындалды немесе 108,9% (2023ж. – 225,4 мың ш.м). Бұл көрсеткіш бойынша облыстағы үлесіміз 25,7%.

Аудан бойынша 2009 жылдан бастап тұрғын үй кезегінде тіркелген азаматтардың саны 7604 адам (Жылдың басында 8532 азамат болған).

Бөлшек тауар айналымының көлемі 223,2 млрд.теңгеге орындалып, 2023 жылмен салыстырғанда 15,9 млрд. теңгеге немесе 1,9%-ға артқан(2023 ж. – 207,2 млрд.теңге).Облыс көлемінде бөлшек тауар айналымындағы үлесіміз 33,6% құрап, көшбасшы орында тұрмыз.

Бюджетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша 2024 жылдың қортындысына сәйкес жалпы бюджетке 104,3 млрд. теңге түсіп, 2023 жылмен салыстырғанда 19,3%-ға көбейді (2024 ж. 12 айға жоспар – 103,0 млрд. теңге, 101,3%).

Оның ішінде:

Республикалық бюджетке – 39,2 млрд. теңге, 103,5% (2024 ж. 12 айға жоспар – 38,9 млрд. теңге, 100,8%).

Жергілікті бюджетке – 65,2 млрд. теңге, 131,5% (2024 ж. 12 айға жоспар – 64,1 млрд. теңге, 101,6%).

Меншікті кіріске – 39,8 млрд. теңге немесе 132,0% салық түскен (2024 ж. 12 айға жоспар – 39,3 млрд. теңге, 101,3%).

 

Аудан бюджетінің кіріс бөлігінің орындалуы

            2025 жылдың 01 қаңтарына қалған бос бюджеттік қаражат қалдығы 1 040 052,7 мың теңгені құрады.

26 желтоқсан 2023 ж. №13-3 Аудан маслихатының шешімімен бекітілген бюджет кірісінің орындалуына 39 992 533,0 мың теңге қаржы қаралды.

2024 жылдың аралығында аудандық мәслихаттың сессияларында аудандық бюджетке 5 рет нақтылау және аудан әкімінің қаулыларымен 8 рет түзетулер жасалған. Нақтылаулардан және түзетулерден кейін бекітілген бюджетпен салыстырғанда түзетілген бюджетте кірістер 1 510 753,0 мың теңгеге немесе 3,8%-ға көбейген.

         2024 жылдың жалпы бюджет түсімдерінің жоспары 41 503 286,0 мың теңге, нақты түскені 42 161 821,7 мың теңге, немесе 101,6%, оның ішінде бюджеттің меншікті кірістер жоспары 31 176 328,0 мың теңге, нақты түскені 31 853 575,8 мың теңге, орындалуы 102,2%, немесе түсімдер 677 247,8 мың теңгеге артық түсті. Олар:

Салықтық түсімдер 100,8 % орындалды – түзетілген жоспар бойынша 28 758 390,0 мың теңге, нақты түскені 29 001 606,3 мың теңгені құрады.

Салықтық емес кірістер 877,7 %-ға орындалды, жоспарланғаны 25 052,0 мың теңге, түскені 219 880,1 мың теңге.

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 110,0%-ға орындалды, түзетілген жоспар бойынша 2 392 886,0 мың теңге, кассалық атқарылуы 2 632 089,4 мың теңгені құрады.

Меншікті кірістер құрылымында ең үлкен үлес салмақты салықтық түсімдер алады – 91,0%. Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 8,3 % салықтық емес түсімдер 0,7 %.

2023 жылмен салыстырғанда меншікті кірістер 5 157 588,1 мың теңгеге артық түсті (2023 жылы нақты түскені 26 695 987,7 мың теңге)

Ауылдық округтерде қаралған бюджеттік алулар аудандық бюджетке 4 082 601,0 мың теңге көлемінде толық түскен.

Жоғары тұрған мемлекеттік басқару органдарынан түскен трансферттер 2 886 570,1 мың теңге, оның ішінде:

Ағымдағы нысаналы трансферттер  2 036 250,0 мың теңге.

Нысаналы даму трансферттері – 404 184,0 мың теңге.

Заңнаманың қабылдауына байланысты ысырапты өтеуге арналған трансферттер – 1 281,0 мың теңге.

Аудандық бюджетке трансферттер – 444 855,1 мың теңге.

 

 

Аудан бюджетінің шығыс бөлігінің орындалуы

  Жалпы бюджет шығындары 45 090 883,0 мың теңгеге жоспарланып, нақты орындалғаны 44 765 631,0 мың теңге немесе 99,3%, 2023 жылмен салыстырғанда шығындар 5 114 085,9 мың теңгеге көбейген. (2023 жылы шығындар сомасы 39 651 545,1 мың теңге)

325 252,0 мың теңге келесі себептерге байланысты игерілмеді:

  1. Құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі бойынша 291 087,1 мың. теңге:

- 160 844,0 мың теңге республикалық бюджет есебінен әлеуметтік осал топтарға үй сатып алудан қалған тендерлік үнем. (Жоспар бойынша толығымен 65 пәтер сатып алынды.) 

- 130 243,1 мың теңге облыстық бюджет есебінен әлеуметтік осал топтарға үй сатып алуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында 50 пәтердің орнына 30 пәтер деп көрсетілуіне байланысты жоспарланған 17 пәтердің қаражаты игерілмей қалды (2024 жылғы 24 желтоқсандағы №1100 қаулысы)

  1. Ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша 30 941,6 мың теңге.

- 30 941,6 мың теңге – «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша Қарасай ауданының елді мекендеріндегі жолдарды орташа жөндеу жұмыстарынан қалған тендерлік үнем.

Басқа шығындар – 3 223,3  мың теңге.

Бюджет шығындарын жекелеген функционалдық топтар бойынша қарастыратын болсақ:

Бірінші «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобы бойынша жалпы шығындар 844 509,0 мың теңгеде жоспарланып 842 975,7 мың теңгеге немесе 99,8 пайызға атқарылған (жалпы шығыстардың 1,9% құрайды). Бұл топта аудандық мәслихат аппараты, аудан әкімінің аппараты, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, ауданның экономика және қаржы бөлімі қаржыландырылған.

Екінші «Қорғаныс» функционалдық тобында қаралған 17 778,0 мың теңгенің 17 749,6 мың теңгесі игерілді немесе 99,8 пайызға атқарылды (0,04%). Бұл қаражаттар жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елдi мекендерде өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шараларға жұмсалған.

Үшінші «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобы бойынша 69 680,0 мың теңге жоспарланып 69 679,4 мың теңгеге немесе 100,0 пайызға атқарылған (0,15%). Оның ішінде: Елді мекендерде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 67256,0 мың теңге қаражат бөлініп, толығымен игерілген, бұл қаражаттар 10 аялдама павильондарын, 2 бағдаршам объектісін орнатуға және аудан бойынша бағдаршамдарға қызмет көрсету жұмыстарына жұмсалды; қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік объектілерін салуға облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер есебiнен Шамалған ауылында қызметтік тұрғын үймен қосарланған учаскелік полиция пунктінің құрылысына 2 424,0 мың теңге бөлініп толығымен игерілді;

Алтыншы «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» функционалдық тобының шығындарының 2 977 200,0 мың теңге жоспары 2 977 017,3 мың теңгеге немесе 100 пайызға атқарылған (6,7%).

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша 1 183 отбасы, оның ішінде 6 776 отбасының мүшелеріне тағайындалып, 560 749,4 мың теңге; бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға азық-түлік жиынтықтарына (ГСП) 2296 балаға 92 056,4 млн.теңге төленді.

«Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринар мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша 5025 адамға 92 761,5 мың теңге төленді.

 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» бағдараламасы бойынша – 261 316,0 мың теңге, нақтыланған жоспар бойынша 261 313,5 мың теңге немесе 100%-ға орындалды. Оның ішінде: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқытылатын балалары бар отбасылар (ДДУ) 732 балаға          82 102,1 мың теңге; әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын (туберкулёз) 181 адамға 25 688,9 мың. теңге; індетке шалдыққан балаларға (ВИЧ) 11 балаға 9 983,6 мың. теңге; Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және оған теңестірілгендеріне 24 318,1 мың теңге; бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты мүгедек болған әскери қызметшілерге 27 адамға  4 984,2 мың теңге; бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндерге арналған Ауған соғысы ардагерлеріне 252 адамға 46 519,5 мың теңге; Тәжікстан-Ауған шекарасында ұрысқа қатысқан 92 адамға 16 983,2 мың теңге; Таулы Карабах қақтығысына қатысқан 31 әскери қызметшілерге 5 722,6 мың теңге; Семей полигонында зардап шеккен азаматтарға 62 адамға 11 445,2 мың теңге, санатолық-курорттық емделуге 135 адамға 22565,0 теңгеден 22 564,1 мың теңге, ЧАЭС апатына қатысқандар 57 адамға 10 522,2 мың теңгеге біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.

«Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша мүгедек балаларды үйде оқытатын 227 отбасына 16 493,3 мың теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді.

«Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету» - 253 433,0 мың теңге, нақтыланған жоспар бойынша 253 427,0 мың теңге немесе 100 %-ға орындалды;

«Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық құралдар, санаторий-курорттық емделу, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, арнаулы жүріп-тұру құралдары, жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектігі бар адамдарға қолмен көрсететін көмек» бағдарламасы бойынша 2024 жылы мүгедектігі бар адамдарды оңалту шараларымен қамту бойынша 469 бірінші топтағы жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметі, 92 есту қабілеті төмен азаматқа ымдау тілі маманының қызметі ұсынылды, 892 адам санаторлық-курорттық жолдамамен, 963 адам протездік-ортопедиялық құралдармен, 3 адам бір реттік пайдаланылатын  катертерлермен, 1621 адам міндетті гигиеналық құралдармен, 117 сурдотехникалық құралмен, 196 адам тифлотехникалық құралмен, 211 адам кресло-арбамен қамтылып 1 530 929,5 мың теңгесі жоспар бойынша толығымен игерілді, 100%;

        «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту» - 11 700,0 мың теңге, нақтыланған жоспар бойынша 11 700,0 мың теңге немесе 100,0%-ға орындалды;

         Жетінші «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында шығындар 6 677 131,0 мың теңге көлемінде жоспарланып 6 385 874,8 мың теңгеге немесе 95,6 пайызға атқарылды (14,3 %).

«Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алу» бағдарламасы бойынша 319 667,0 мың теңге бөлініп, 319 666,4 мың теңгесі игерілді, немесе 100,0%.

Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау бағдарламасы бойынша Қарасай ауданы Елтай ауылында коттедж қалашығының құрылысына (мұғалімдерге арналған тұрғын үй) ЖСҚ әзірлеу. Жалпы сомасы 15 109,4 мың теңге, 2023 жылға 2 000,0 мың теңге, қалғаны 13 109,4 мың теңге. 2024 жылы 500,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді. Жер телімінің өзгеруіне байланысты 2025 жылға өтпелі.

 «Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алу» бағдарламасы бойынша 227 278,0 мың теңге бөлінді, игерілгені 227 276,3 мың теңге.

1) Қарасай ауданы Қаскелең қаласындағы «Арнау» тұрғын үй кешеніне арналған алаңнан тыс сыртқы электрмен жабдықтау желілері құрылысы бойынша 100,0 мың тенге толық игерілді. Объектіні пайдалануға қабылдау актісі 29.11.2023ж.    

2) Қарасай ауданының «Өмірзақ» тұрғын үй кешені ИКЖ (тұрғын үйлерге арналған кварталішілік инж. желілері) дамытуға және жайластыру жұмыстары бойынша 21 043,4 мың теңге игерілді. Объект аяқталған жоқ. Шарттық міндеттемелердің орындалмауына байланысты мердігер ұйымға сотқа талап арыз берілді.

3) Қаскелең қаласындағы «Арнау» тұрғын үй кешеніне арналған алаңнан тыс кәріз желілерінің құрылысына 2024 жылы 31 370,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді. Объектіні пайдалануға қабылдау актісі 24.10.2024ж. Нәтижеге қол жеткізілді.

4) «Арнау» тұрғын үй кешенінің 5 қабатты блоктарын салуды қайта бастау (1-кезек). Сыртқы инженерлік желілерді салу жұмыстары аяқталып 171 563,6 мың теңге игерілді. Объектіні пайдалануға қабылдау актісі 04.12.2024ж.

5) «Қаскелең қаласы Абылай хан көшесі, 2/5, 2/6 учаскесі «Арнау» тұрғын үй кешенінің 5 қабатты блоктарының құрылысын қайта бастау. Газбен жабдықтау жұмыстары толық аяқталып 10 848,4 мың теңге игерілді. Объектіні пайдалануға қабылдау актісі 29.03.2024ж.

 «Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін сатып алу» бағдарламасы бойынша бойынша бюджет қаражатынан 3 399 409,0 мың теңге бөлініп, 3 108 275,0 мың теңгесі игерілді. Қалғаны 291 134,0 мың теңге. Жоспарланған 216 пәтердің ішінен 199 пәтер сатып алынды:

1) 160 844,0 мың теңге республикалық бюджет есебінен әлеуметтік осал топтарға тұрғын үйді сатып алу бойынша қалған тендерлік үнем. Жоспар бойынша барлық 65 пәтер сатып алынды;

2)  130 243,1 мың теңге облыстық бюджет есебінен әлеуметтік осал топтарға тұрғын үйді сатып алу. 151 пәтердің ішінен 131 пәтер сатып алынды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 1100 қаулысында 50 пәтердің орнына 30 пәтер деп көрсетілуіне байланысты жоспарланған 17 пәтердің қаражаты игерілмей қалды.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөліміне 956 163,0 мың теңге бөлініп, 956 091,1 теңге игерілген немесе 100% орындалған.

«Мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн жер учаскелерiн алып қою, оның iшiнде сатып алу жолымен алып қою және осыған байланысты жылжымайтын мүлiктi иелiктен айыру» бағдарламасы бойынша Кемертоған ауылында су ұңғымасын сатып алу 140 850,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.

Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер толық аударылды. Оның ішінде: Елді мекендерді абаттандыруға – 262 474,0 мың теңге; елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға – 268 306,0 мың теңге; елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге – 130 913,0 мың теңге; жерлеу орындарын күтіп ұстауға – 4 077,0 мың теңге.

«Коммуналдық шаруашылықты дамыту» бағдарламасы бойынша 100 000,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.

1) Қарасай ауданының Елтай ауылдық округі әкімдігінің әкімшілік ғимаратының құрылысы бойынша жалпы сомасы 181 773,8 мың теңге, соның ішінде 2024 жылға 60 000,0 мың теңге бөлініп, 100%-ға игерілді. Қаражаттың толық көлемде бөлінбеуіне байланысты 2025 жылға ұзартылды.

2) Қарасай ауданының жастарға қызмет көрсету орталығының (ЦОМ) құрылысы жалпы сомасы 438 544,3 мың теңге, оның ішінде 2024 жылға ішінара 40 000,0 мың теңге бөлініп, толық игерілді. Қаражаттың толық көлемде бөлінбеуіне байланысты 2025 жылға ұзартылды.

«Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуі» бағдарламасы бойынша 226 813,0 мың теңге бөлініп, 226 812,9 мың теңгесі игерілді. Оның ішінде: Абай ауылында КНС жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша техникалық тексеру жүргізу және сметалық шығындарды анықтауға – 4 456,0 мың теңге; Шамалған ауылында  сумен жабдықтау жүйесін іске қосуға – 8 664,0 мың теңге; Айтей ауылында Достық көшесінде су мұнарасын орнатуға -16 800,0 мың теңге; Қаскелең қаласындағы мұнара орнатумен ұңғыманы бұрғылауға–30 000,0 мың теңге; Қырғауылды ауылында артезиан ұңғымасын бұрғылауға–38 110,0 мың теңге; Шамалған ауылында су құбыры мұнарасының ұңғымасын бұрғылау–34 238,0 мың теңге; Шамалған ауылында су құбыры мұнарасының ұңғымасын бұрғылау(юг)–31 062,0 мың теңге; Елтай ауылдық округінде ұңғымаларды бұрғылау және орнатуға - 50 000,0 мың теңге.

«Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі жылу жүйелерін қолдануды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 37 739,0 мың теңге бөлініп, 37 724,5 мың теңгесі игерілді. Оның ішінде: Қаскелең қаласында Қарлығаш ықшам ауданының қазандықтарын ауыстыруға 21 489,0 мың теңге; Қаскелең қаласы, Райымбек 60А көшесіндегі тұрғын үйге жылу қазандығын орнатуға 16 250,0 мың теңге.

 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бағдарламасы бойынша 93 599,0 мың теңге қарастырылып, 93 598,3 мың теңгесі игерілді. Оның ішінде: Қаратөбе ауылында сумен жабдықтау жүйесі құрылысы мен қайта жаңғырту 1 кезең 2 кезек – 36 599,0 мың теңге, нысанды пайдалануға берілген актісі 24.08.2024ж.; Қаратөбе ауылында сумен жабдықтау жүйесі құрылысы мен қайта жаңғырту 2 кезең – 50 000,0 мың теңге. Бюджеттен ақшалай қаражаттың толық бөлінбеуіне байланысты аяқталу мерзімі 31.12.2025 жылға дейін ұзартылды; Береке ауылында сумен жабдықтау жүйесі құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстарына ЖСҚ әзірлеу – 7000,0 мың теңге. Жобалауды аяқтау мерзімі 16.07.2025ж. Сараптама жүргізудің жоспарланған мерзімі - 2025 жылғы қазан айы.

         «Елді мекендердегі көшелердің жарықтандыру» бағдарламасы бойынша 446 872,0 мың теңге бөлініп, 100% игерілген. Абай ауылында көше жарықтандыру желісін салуға – 236 398,0 мың теңге; Жандосов ауылында көше жарықтандыру желісін салуға – 107 872,0 мың теңге; Райымбек ауылындағы жарықтандыруды қайта құру және салуға - 80000,0 мың теңге; Қаскелең қаласындағы Қасқасу көшесіндегі жарықтандыру мен көшелерді жайластыруға - 3024 мың теңге, бөлімнің теңгерімінде тұрған трансформаторларды ұстауға – 12 770,0 мың теңге.

«Елді мекендерді абаттандыру және көгалданрыру» бағдарламасы бойынша – 486 786,0 мың теңге бөлініп, 100% игерілді. Оның ішінде: Қаскелең қаласында Абылайхан көшесін абаттандыру құрылысы 1 кезең – 44 100,0 мың теңге; Өмірұзақ саябағын абаттандыру 1 кезек– 125683,0 мың теңге; Өмірұзақ саябағын абаттандыру 2 кезек – 124576,0 мың теңге; Қаскелең қаласындағы Наурызбай батыр ескерткіші мен скверін ағымдағы жөндеуге – 11607,0 мың теңге; Өмірұзақ тұрғын үй кешенін ағымдағы жөндеу және абаттандыруға-44240,0 мың теңге; Қаскелең қаласындағы Наурызбай батыр, Төле би көшелері бойында скверлер және Төле би көшесіндегі көп пәтерлі тұрғын үйлердің аула алаңдарын абаттандыру құрылысына №2,4 кезекке - 91372,0 мың теңге; Қаскелең қаласындағы Гоголя №40, А.Өміралиев №60,62 көшелеріндегі көп пәтерлі тұрғын үйлердің аула алаңдарын абаттандыру жұмыстарына жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге – 11786,0 мың теңге; Қаскелең қаласындағы Жангозин №12, №12В көшелеріндегі көп пәтерлі тұрғын үйлердің аула алаңдарын абаттандыру жұмыстарына жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге – 11313,0 мың теңге; Қаскелең қаласындағы Жангозин №15, Арман №12Б  көшесіндегі көп пәтерлі тұрғын үйлердің аула алаңдарын абаттандыру жұмыстарына жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге-12109,0 мың теңге; ауданның абаттандыру жұмыстарына –10000,0 мың теңге.

Сегізінші «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық тобы бойынша жоспар 1 164 664,0 мың теңге, игерілгені 1 164 640,1 мың теңге, немесе 100%. (2,6%)

Мәдени - демалыс жұмысын қолдау бағдарламасы бойынша аудандық мәдениет үйінің қызметін қамтамасыз етуге 420 496,0 мың теңге. Бұл шығыстардың ішінде қызметкерлерінің жалақысы мен бюджеттік төлемдеріне, коммуналдық шығыстарына жұмсалған.

Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамытуға – 118 899,0 мың теңге, 118 884,0  мың теңге.

Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткiзуге 2 124,0 мың теңге, 100 пайызға орындалған.

Әртүрлі спорт түрлері бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуына 15 135,0 мың теңгеге, немесе 100 пайыз.

Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтерге 33 580,0 мың теңге.

Аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуіне – 122 690,0 мың теңге.

Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамытуға - 889,0 мың теңге.

Жергілікті деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге – 36 587,0 мың теңге.

Мемлекеттiк органның күрделі шығыстарына 1 000,0 мың теңге.

Мерей ауылындағы «Мерей» ауылдық мәдениет үйінің ғимаратын күрделі жөндеуге 360 811,0 мың теңге бөлініп толығымен 100 пайызға орындалды.

Тоғызыншы «Отын – энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану» функционалдық тобында жалпы шығындар 4 786,0 мың теңге болып жоспарланып 100 пайызға атқарылған (0,01%).   

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Батан ауылында электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстарына ЖСҚ әзірлеуге 786,0 мың  теңге;

Облыстық бюджет қаражаты есебінен Батан, Елтай, Исаев, Бекболат  ауылдарындағы электрмен жабдықтау желілерін қайта құру жұмыстарына 4000,0 мың  теңге.

Оныншы «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобында жалпы шығындар 575 515,0 мың теңгеге жоспарланып толығымен 100,0 пайызға орындалды (1,3 %).

Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер бағдарламасы бойынша 23 964,0 мың теңге бөлініп, 100% игерілді.

Аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге – 36823,0 мың теңге бөлініп, 99,9% игерілді.

Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша, сондай-ақ агломерацияларды дамыту мақсатында облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің өтініштері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша ағымдағы шығыстарға іс-шаралар өткізуге 444855,0 мың теңге бөлініп, 444798,1 мың теңге немесе 99,99 пайызға игерілді. 56,9 мың теңге үнем.

Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру бағдарламасы бойынша 62 382,0 мың теңге жоспарланып, 99,9 пайызға игерілді.

«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығы негізінде, Қарасай ауданы әкімдігі мен «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арасында 310 128,0 мың теңгеге кредитті келісім-шарт жасалған. Бюджеттік кредиттерді алушылардың саны 42 адам.

Он бірінші «Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» функционалдық тобы бойынша 50 122,0 мың теңге жоспарланса, орындалғаны 50 064,0 мың теңге немесе 99,9 пайызға атқарылған (0,11 %).

Жергілікті деңгейде құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер бағдарламасы бойынша 35580,0 мың теңге жоспарланып, 99,9 пайызға атқарылған. Бөлімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарға (жалақысы мен бюджеттік төлемдеріне, жанар жағар май, байланыс, қызметтер мен жұмыстар үшін ақы төлеуге) жұмсалған.

Мемлекеттік органның күрделі шығыстарына 1322,0 мың теңге жоспарланып, 100 пайызға игерілген.

Жергілікті деңгейде сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге – 13 220,0 мың теңге жоспарланып, 99,8 пайызға игерілген.

Он екінші «Көлік және коммуникация» функционалдық тобында жалпы шығындар 2 605 666,0 мың теңгеге жоспарланып  2 604 671,7 мың теңгесі игерілген, немесе 100,0 пайызға (5,8 %).

Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету бағдарламасы  бойынша 375 031,0 мың теңге қаражат бөлініп толығымен игерілген. Жармухамбет ауылындағы – Қажымухан, Шамалған ауылындағы Өтеген батыр көшелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына, Қарасай ауданындағы көшелерді ағымдағы жөндеу (асфальтбетон жабынсыз) жобасы бойынша көшелерді жөндеу және аудандық маңызы бар жолдарды жазғы және қысқы күтіп ұстауға жұмсалды.

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу бағдарламасы бойынша 1 004 637,0 мың теңге қаражат бөлініп, 99,9 пайызға игерілген. Бұл қаражат Қаскелең қаласындағы жалпы ұзындығы 7,8 шақырымдағы Үлкенсаз, Балқаш, Ақши, Суықбулақ, Қаратал, Қасқасу, Ақсай, Бесқарағай, Көктерек, Бозай, Тулпарсаз, Мамыр, Қарасу, Қарагайлы, Достык №1 көшелерінің күрделі жөндеу жұмыстарына, Шамалған ауылындағы-Өтеген, Қаскелең қаласындағы Құлынды 1-5, Құлынды 6-9, Бөктер, Жайық, Намыс, Көкбастау  көшелеріне, Қаскелең қаласындағы мектепке кіре беріс жолға және Долан, Көкөзек, Қошмамбет, Алмалыбақ, Кемертоған ауылдарындағы – мектепке кіре беріс жолдарының орташа жөндеу жұмыстарына, жолдарды ағымдағы және орташа жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу қызметтеріне, елді мекендердің көшелерінің, жалпы ұзындығы 72 км жобаланған 6 мектепке кіреберіс жолдардың техникалық құжаттамасын әзірлеу қызметтеріне жұмсалды.

Жергілікті деңгейде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге - 40898,0 мың теңге қаражат бөлініп, 40889,8 мың теңгеге немесе 100 пайызға игерілген.

Мемлекеттік органның күрделі шығыстарына 1 000,0 мың теңге қаражат бөлініп, 997,2 мың теңгесі игерілді немесе 99,7 пайыз.

Әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасмалдарын субсидиялауға – 1162092,0 мың теңге қаражат бөлініп толығымен игерілген.

Төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трнасферттерге -22008,0 мың теңге қаражат бөлініп толығымен игерілген.

Он үшінші «Басқалар»  функционалдық тобында қаралған жоспардағы 1 401 957,0 мың теңге 1 371 003,1 мың теңгеге немесе 97,8 пайызға игерілген (3,06%).

Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер бағдарламасы бойынша 15 008,0 мың теңге жоспарланып, 14 955,7 мың теңгесі игерілді немесе 99,9 пайыз.

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға – 1 386 949,0  мың теңге бөлініп, 1 356 007,4 мың теңгесі игерілді немесе 97,8%. 30941,6 мың теңге тендерлік үнем. Бұл қаражат Жандосов ауылындағы - Ақжайық, Балғын, Барибаев, Дирмен, Наурызбай, Саяжай, Балдырған, Бокина, Мамыр, Самал, Сүйінбай, Төлеби, Шапағат, Айдарлы, Актилек, Темирбеков көшелеріндегі жалпы ұзындығы 11,81 шақырым жолдардың орташа жөндеу жұмыстарына; Абай ауылындағы – Алатау, Жастар, Ақсай, 273 квартал, Рысқұлов, Жандосов, Абай, Шаянбай, Бейбітшілік, Мадениет, Улан көшелеріндегі жалпы ұзындығы 8,98 шақырым жолдардың орташа жөндеу жұмыстарына,

Қайрат ауылындағы – Қайрат, Бұлақты ауылындағы – Ынтымақ, Абай ауылындағы – Макатаев, Қарғауылды ауылындағы – Садовая, Исаев ауылындағы – Сүйінбай, Жібек жолы ауылындағы – Бөгенбай, Елтай ауылындағы – Ж.Басар, Үштерек  ауылындағы – Қарқаралы, Шалқар ауылындағы – Ақбұлақ, Қонаев, Көксай ауылындағы – Ұлттар достығы, Таңшолпан, Көкөзек ауылындағы темекі фабрикасына кіреберіс көшелерінің орташа жөндеу жұмыстарына жұмсалды.

        2024 жылы ауданның жергілікті атқарушы органның резерві 126 909,0 млн.теңгені құрады. Аталған бағдарламаның бюджеттік бағдарлама әкімшісі ретінде аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен қаржы бөлу туралы келіп түскен қолдаухаттары Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуіріндегі № 325 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларымен» белгіленген тәртіппен қарастырыла отырып, ауданның жергілікті атқарушы органының шұғыл шығындарға арналған резервінен төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Ұмтыл ауылдық округі, Алмалыбақ ауылындағы «Юбилейное» БСТК 107А үйдің көшкін қауіпі бар учаскесінде жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге – 10 248,0 мың теңге; Райымбек ауылдық округі, Бұлақты ауылынан өтетін Қырғаулды өзенінің түбін тереңдету және жағалауды нығайту жұмыстарына – 70 053,0 мың теңге; мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін алып қою нәтижесінде Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көкөзек ауылында туындаған әлеуметтік шиеленісті болдырмау үшін 46 608,0 мың теңге сомасында бағытталды.

 

 

      Экономика және қаржы

 бөлімінің басшысы                                                              Ж. Ногайбаев

Дата публикации
20 мая 2025