Қарасай аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

Қарасай  аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік

жоспарын бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының               14-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қарасай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қарасай ауданық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында және Қарасай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Г.Т. Икенбаеваға жүктелсін.

 

Қарасай аудандық аумақтық сайлау  комиссиясының төрағасы                                   Г.Аманова

 Қарасай аудандық аумақтық   сайлау комиссиясының хатшысы                                 Г.Икенбаева

Дата публикации
23 октября 2020