Қарасай ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, Қарасай ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қарасай ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес құрылсын.
- Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қарасай ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
- Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Аты-жөні