Қарасай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 50-3 «Қарасай ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 40 231 950 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 19 390 864 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 21 492 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 254 750 мың теңге;
трансферттер түсімдері 20 564 844 мың теңге, оның ішінде:
төмен тұрған мемлекеттік басқару органдарынан трансферттер 967 679 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік алып қоюлар 967 606 мың теңге;
нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару 73 мың теңге;
мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер 19 597 165 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы нысаналы трансферттер 13 581 656 мың теңге;
нысаналы даму трансферттері 6 015 509 мың теңге;
2) шығындар 52 304 139 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 194 411 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 246 350 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 51 939 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 12 266 600 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 12 266 600 мың теңге.».
4. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.