Қарасай ауданында стационарлық емес сауда объектілерін
орналастыру орындарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарасай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын жәнебекітілсін.
2.Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасай ауданы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Аудан әкімі Ж.Естенов