2023 жылы «Іргелі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде:
Мемлекеттік қызмет көрсету:
2023 жылға бекітілген медиа жоспарға сәйкес: газетте 2 мақала, әлеуметтік желіде 2 мақала, 1 бейнеролик, 2 акция өткізілді.
Есептік кезеңде 1 мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Іргелі ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған ережелері бар стендтер орналасқан. Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтармен таныса алады, ғимараттың бірінші қабатындағы фойеде қызмет алушыларға ақпараттың қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметтер ережелері бар.
Іргелі ауылдық округі әкімінің ғимаратында мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігі туралы тұтынушыларды хабардар ету үшін, бірінші қабатта «Электрондық үкімет» порталына кіретін «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» орналасқан.
Тиімділік бағасының критерилерінің бірі уақытылы сапалы қызмет көрсету болып табылады.