«Жандосов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі есебін жария талқылау

«Қарасай ауданының Жандосов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметте көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

   1.Жалпы ережелер

«Қарасай ауданының Жандосов ауылдық округі әкімінің аппараты » мемлекеттік мекемесінің көрсетілетін мемлекетік қызметтер бойынша негізгі бағыттары:

-  Мемлекеттік қызмет көрсету ережелеріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді;

­- Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасайды;

- ­­Көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынды;

­­­-  Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттырады;

- Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарайды және олардың заңда көрсетілген мерізімдерінің сақталу туралы ақпарат ұсынады;

- Көрсетілетін қызметті алушылардың сұранысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің орындалу мерзімі туралы ақпарат береді;

- Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының,бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдайды.

 

         2.Қызметті беруші туралы мәлімет:

«Қарасай ауданының Жандосов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: 040915, Жандосов ауылы, Ардагерлер көшесі, 17 үй, Қарасай ауданы, Алматы облысы.

 

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Қарасай ауданының Жандосов ауылдық округі әкімінің аппаратында 3 (үш) түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

  • Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту
  • Сауда-саттық өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
  • Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

 

            Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша функционалдық міндеттеріне кіретін қызметкерлердің саны-1 маман.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына ішкі бақылау жасау бойынша әкімнің орынбасары Л.Абилкаироваға жүктелген, есепті және ақпаратты жинақтау бас маман А.Суанбековаға  жүктелген.

 2023 жылы  «Жандосов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде:

  • Сауда-саттық өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу- 7 қызмет көрсетілді.
  • Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру -14 қызмет көрсетілді.
  • Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту - 1 қызмет көрсетілді.

 

  1. Қызмет алушылармен жұмыс.

Қарасай ауданының Жандосов ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған ережелер бар стендтер орналасқан. Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтармен таныса алады, ғимараттың бірінші қабатындағы фойеде қызмет алушыларға ақпараттың қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметтер ережелері бар.

            Қарасай ауданының Жандосов ауылдық округі әкімінің ғимаратында мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігі туралы тұтынушыларды хабардар ету үшін, бірінші қабатта «Электрондық үкімет» порталына кіретін «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» орналасқан.

            Жандосов ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтерді "Электронды үкімет веб-порталы", "еGov mobile" және  Digital agent  мобилдік қосымшасы арқылы оңай әрі тез алудың жолдары туралы халық арасында кеңінен түсіндіру мақсатында жадынамалар тарату акциялар өткізілуде. Сондай-ақ, аудандық «Naqty» газетінде және әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызмет көрсету туралы мақалалар жариялануда.                                                                              2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану және негізсіз бас тарту құжаттар пакеті толық болмаған жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету, нормативтік құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды талап ету, мемлекеттік қызметтер көрсету саласында бұзушылықтардың өзге де фактілерінің болған жоқ.  Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы және мерзімдерін сақтау ауылдық округінің  әкімінің толық бақылауында.

 

Дата публикации
04 июля 2024