1.Жалпы ережелер
Алматы облысы«Қарасай ауданының Жібек жолы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің көрсетілетін мемлекетік қызметтер бойынша негізгі бағыттары:
- Мемлекеттік қызмет көрсету ережелеріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді;
- Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасайды;
- Көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынды;
- Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттырады;
- Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарайды және олардың заңда көрсетілген мерізімдерінің сақталу туралы ақпарат ұсынады;
- Көрсетілетін қызметті алушылардың сұранысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің орындалу мерзімі туралы ақпарат береді;
- Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының,бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдайды.
2.Қызметті беруші туралы мәлімет:
Алматы облысы «Қарасай ауданының Жібек жолы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: 040930, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жібек жолы ауылы, Ж.Дүйсеков көшесі, 41А үй.
Қарасай ауданының Жібек жолы ауылдық округі әкімінің аппаратында 3 (үш) түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша функционалдық міндеттеріне кіретін қызметкерлердің саны-1 маман.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына ішкі бақылау жасау бойынша әкімнің орынбасары Д.Нұрақыновқа жүктелген, есепті және ақпаратты жинақтау бас маман А.Сейдахметоваға жүктелген.
2023 жылы «Қарасай ауданының Жібек жолы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны барлығы - 91, оның ішінде::
Қарасай ауданының Жібек жолы ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған ережелер бар стендтер орналасқан. Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтармен таныса алады, ғимараттың бірінші қабатындағы фойеде қызмет алушыларға ақпараттың қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметтер ережелері бар.
Қарасай ауданының Жібек жолы ауылдық округі әкімінің ғимаратында мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігі туралы тұтынушыларды хабардар ету үшін, бірінші қабатта «Электрондық үкімет» порталына кіретін «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» орналасқан.
Жібек жолы ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтерді "Электронды үкімет веб-порталы", "еGov mobile" және Digital agent мобилдік қосымшасы арқылы оңай әрі тез алудың жолдары туралы халық арасында кеңінен түсіндіру мақсатында жадынамалар тарату акциялар өткізілуде. Сондай-ақ, аудандық «Naqty» газетінде және әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызмет көрсету туралы мақалалар жариялануда.
2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану және негізсіз бас тарту құжаттар пакеті толық болмаған жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету, нормативтік құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды талап ету, мемлекеттік қызметтер көрсету саласында бұзушылықтардың өзге де фактілерінің болған жоқ. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы және мерзімдерін сақтау ауылдық округінің әкімінің толық бақылауында.
Бас маман А. Сейдахметова