Қарасай ауданындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі және қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет

   

            Қарасай ауданы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралары Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы  негізінде жүргізілуде.

2023 жылы Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында түрлі форматта 235 іс-шара (11 акция,   36 дөңгелек үстел, 65 ашық пікір сайысы, 116 кездесу, 7 семинар) ұйымдастырылып, оған 15 мыңға жуық адам қатысты. Сонымен қатар аудандық газетке 24 мақала беріліп, әлеуметтік желілерде 125 материал жарияланды,   5 бейнеролик түсіріліп, көрнекі орындарға 30 баннер орналастырылды, Округтерде  7 мың дана брошюралар таратылды.

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында көрнекі үгіт құралдарын дайындауға бюджеттен 2,5 млн. теңге қаржы бөлінді.

 Қоғам пікірін есепке алу мақсатында аудан әкімдігінің интернет-ресурсында ашылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімінде атқарылған  жұмыстар  туралы  ақпараттар мен есептер  тұрақты орналастырылады.    

Ашықтық пен қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Шамалған ауылында облыста тұңғыш ашылған «Сервистік әкімдік» жұмысын жүргізуде. Қаскелен қаласы, Жандосов, Жібек жолы ауылдық округтері де «Ашық әкімдік»  форматына көшірілді.  Барлық мекемелерде  өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жасақталған.Сервистік әкімдікте 3415 қызмет көрсетілді.

Аудандық әкімдіктің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алуда азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдардың жұмысын нығайту» тақырыбында Сауалнама жүргізілді.  Сауалнамаға мыңғы жуық респондент қатысып, нәтижесі бойынша халық арасындағы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік деңгейі 89% құрады. 

«Жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылды.    

Квазимемлекеттік сектор субъектілері болып табылатын аудандық мәдениет үйінде, "Үшқоңыр" фольклорлық-этнографиялық ансамблінде, «Таусамалы» кәсіпорнында Комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімшелер құрылды.

«Сыбайлас жемқорлық» тақырыбында 3 мемлекеттік қызметші, 3 комплаенс офицер Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының оқыту курстарынан өтіп, сертификаттар алды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің қағидасына сәйкес, облыс әкімі аппаратының  басшысы бекіткен кесте бойынша 2023 жылы 6 мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша ішкі талдау жүргізілді, қазіргі уақытта 13 мекемеде жүргізілді. Мемлекеттік мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы Талдамалық  анықтама мен берілген ұсыныстар бойынша жасақталған іс-шаралар жоспары әкімдіктің интернет ресурсында жарияланды.

 Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында қала, ауылдық округ әкімдері аппараттары мен бөлімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі  2023 жылға арналған іс-шаралар жоспары жасақталып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стандарттары  бекітілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері  жөніндегі  комиссияның 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 4отырысы өткізілді.

  Ауданның әдеп жөніндегі уәкілінің төрағалығымен  мемлекеттік органдар мен ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерімен, квазимемлекеттік сектор басшыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық» тақырыбында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында  2 семинар-кеңес, 3 дөңгелек үстел ұйымдастырылды. «Сыбайлас жемқорлық» тақырыбында Жадынамалар әзірленіп таратылды. Кеңесте мемлекеттік орган басшыларына өздері басқаратын ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нәтижелі шаралар қабылдау;  Сондай-ақ, «Жер қатынастары саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар, оның ішінде жер учаскелерінің нысаналы максаттарын өзгерту рәсімдері бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы» Қарасай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің  басшысы С.Жарқымбаевтың, Шамалған ауылдық округінің әкімі Е.Тоқтасыновтың, Іргелі ауылдық округінің әкімі А.Ысқақовтың есептері тыңдалды.

 Мемлекеттік шешімдер қабылдауда азаматтардың белсенділігін арттыру мақсатында аудан әкімдігімен қабылданған 11 нормативтік құқықтық актілер әлеуметтік желілерде көпшілік талқылауы үшін жарияланды.

       Аудан әкімі аппараты қала, ауылдық округ әкімдері аппараттарында, дербес бөлімдер мен квазимемлекеттік секторларында  сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды тексеріп, әдістемелік көмек  көрсетті. Мемлекеттік мекемелердің бірінші басшылары мекеме қызметкерлермен Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп,  қорытындысын әлеуметтік желілерде жариялады.

Дата публикации
31 мая 2024