2023 жылдың жылдық бюджетінің орындалуы туралы есеп.

 

Қарасай ауданының 2024 жылдың 1 қаңтарына бюжетінің

орындалуы жайлы есебіне түсіндірме хат

 

Ауданның 2023 жылдың әлеуметтік–экономикалық дамуының

қорытындылары туралы

 

Қарасай ауданы облыстың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан.               Аумағы 2,0 мың ш. км құрайды, 47 елді мекен орналасқан, аудан орталығы Қаскелең қаласы болып табылады.

2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша аудан халқының саны  337 990 адам, қала тұрғындары 84 199 адам болса, ауыл тұрғындары 253 791 адамды құрайды.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында576,1 млрд теңге немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 45,0 млрд. теңгеге артық орындалды, (2022ж.- 531,1 млрд тг) нақты көлем индексі 104,3%-ды құрады. Облыстық өнеркәсіп өндірісіндегі ауданның үлесі – 33,6%.

Ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі 94,6 млрд. теңгені құрады, былтырғы жылдың осы кезеңінен 6,2 млрд. теңгеге артықорындалды (2022 ж.-88,5 млрд.тг). Нақты көлем индексі 95,8%. Облыстағы үлесі – 11,6%.

Ауданның шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын 32 мың 777 субъект тіркелген. Шағын кәсіпорындар саны–5 мың 310, жеке кәсіпкерлер саны–25 мың 513. Ауылшаруашылығы саласында 1954 нысан жұмыс атқаруда, бүгінгі күні кәсіпкерлікте 47 мың 698 адам жұмыспен қамтылған.

Инвестиция саласы бойынша негізгі капиталға тартылған инвестициялар 154,2 млрд. теңгеге жетіп, 2022 жылдан 9,2 млрд. теңгеге кем орындалды (2022ж-163,5 млрд. тг). Нақты көлем индексі 88,1% орындалып отыр. Облыс көлеміндегі ауданымыздың үлес салмағы –21,9%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 69,0 млрд. теңгені құрады, өткен жылмен салыстырғанда 10,5 млрд. теңгеге кем орындалды, (2022ж. –             79,6 млрд. тг). Нақты көлем индексі 81,8%. Облыс көлеміндегі ауданның үлес салмағы – 22,1% құрап отыр.

Тұрғын үйлерді іске қосу бойынша 225,4 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді, былтырғы жылдан 11,7 мың шаршы метрге артық орындалды (2022ж.– 213,8 ш.м). Бұл көрсеткіш бойынша облыстағы үлесіміз 26,1%.

Жалпы аудан бойынша тұрғын үй кезегіне 8532 азамат тіркелген (2009 жылдан бері).

Бөлшек тауар айналымының көлемі 207,2 млрд. теңгені құрап,         2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,6 млрд. теңгеге өсіп, нақты көлем индексі 96,1% құрады (2022ж.– 193,7 млрд. тг). Облыс көлеміндегі ауданымыздың үлес салмағы – 33,3%.

Бюджетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша 2023 жылдың қорытындысы бойынша жалпы бюджетке 87,4 млрд. теңге түсіп, 2022 жылмен салыстырғанда 109,4%-ға көбейді (2023 ж. 12 айға жоспар – 95,7 млрд. теңге, 91,3%).

Оның ішінде:

Республикалық бюджетке – 37,8 млрд. теңге, 98,1% (2023 ж. 12 айға жоспар – 48,7 млрд. теңге, 77,7%).

Жергілікті бюджетке – 49,6 млрд. теңге, 120,1% (2023 ж. 12 айға жоспар – 47,0 млрд. теңге, 105,5%).

Меншікті кіріске – 30,2 млрд. теңге немесе 117,5% салық түскен (2023 ж. 12 айға жоспар – 26,9 млрд. теңге, 112,3%).

 

Аудан бюджетінің кіріс бөлігінің орындалуы

            2024 жылдың 01 қаңтарына қалған бос бюджеттік қаражат қалдығы 1 192 760,1 мың теңгені құрады.

26 желтоқсан 2022 ж. №31-3 Аудан маслихатының шешімімен бекітілген бюджеттің кірісі мен шығысының орындалуына 37 775 564,0 мың теңге қаржы қаралды.

2023 жылдың аралығында аудандық мәслихаттың сессияларында аудандық бюджетке 4 рет нақтылау және аудан әкімінің қаулыларымен 8 рет түзетулер жасалған. Нақтылаулардан және түзетулерден кейін бекітілген бюджетпен салыстырғанда түзетілген бюджетте кірістер 1 684 905,0 мың теңгеге немесе 4,5 %-ға көбейген, ал шығындар 1 225 001,0 мың теңгеге немесе 3,2%-ға көбейген.

            2023 жылдың жалпы бюджет түсімдерінің жоспары 39 460 469,0 мың теңге,  нақты түскені 40 407 122,3 мың теңге, немесе 102,4 %, оның ішінде бюджеттің меншікті кірістер жоспары 23 586 275,0 мың теңге,  нақты түскені 26 695 987,7 мың теңге, орындалуы 113,2%, немесе түсімдер 3 109 712,7 мың теңгеге артық түсті. Олар:

Салықтық түсімдер 114 % орындалды – түзетілген жоспар бойынша 22 115 373,0 мың теңге, нақты түскені 25 220 724,8 мың теңгені құрады.

Салықтық емес кірістер 755,5 %-ға орындалды, жоспарланғаны 23 438,0 мың теңге, түскені 177 068,5 мың теңге.

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 89,7 %-ға орындалды, түзетілген жоспар бойынша 1 447 464,0 мың теңге, кассалық атқарылуы 1 298 194,4 мың теңгені құрады.

Меншікті кірістер құрылымында ең үлкен үлес салмақты салықтық түсімдер алады – 94,5%. Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 4,9 % салықтық емес түсімдер 0,6 %.

2022 жылмен салыстырғанда меншікті кірістер 3 564 101,1 мың теңгеге артық түсті (2022 жылы нақты түскені 23 131 886,6 мың теңге)

Ауылдық округтерде қаралған бюджеттік алулар аудандық бюджетке 2 176 029,0 мың теңге көлемінде толық түскен.

Жоғары тұрған мемлекеттік басқару органдарынан түскен трансферттер 10 116 121,6 мың теңге, оның ішінде:

Ағымдағы нысаналы трансферттер  8 549 415,6 мың теңге.

Нысаналы даму трансферттері – 1 566 706,0 мың теңге.

 

Аудан бюджетінің шығыс бөлігінің орындалуы

  Жалпы бюджет шығындары 39 856 137,0 мың теңгеге жоспарланып, нақты орындалғаны 39 651 545,1 мың теңге немесе 99,5%. Орындалмаған сомма 204 591,9 мың теңге. Оның ішінде:

  1. Құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі бойынша 140 736,2 мың. теңге:

- 31 267,9 мың теңге «Арнау» ТК-ні үшін алаңнан тыс кәріз желілері құрылысы бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты асфальт төсеуге мүмкіндік болмағандықтан(РБ);

- 18 711,0 мың теңге «Арнау» ТК-нің су тарту ғимаратының құрылысы жобасына түзетулер енгізілуіне байланысты(ОБ);

- 10 749,6 мың теңге «Арнау» ТК-нің 5 қабатты блоктарының құрылысын қайта бастау және газбен жабдықтау жұмыстары бойынша 5% қалдық(ОБ);

- 2 005,0 мың теңге «Арнау» ТК-ні үшін алаңнан тыс кәріз желілері құрылысы бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты асфальт төсеуге мүмкіндік болмағандықтан(ОБ);

- 26 598,1 мың теңге «Өмірұзақ» ТК-нің ИКЖ-нің құрылысы мен абаттандыру бойынша төлем сот шешімімен жүргізіледі(ОБ);

- 27 853,0 мың теңге Қаскелен қаласында бес 50 пәтерлі тұрғын үйдің ИКЖ-нің құрылысы мен абаттандырудың ЖСҚ-сын әзірлеу бойынша жер учаскесінің өзгеруіне байланысты(ОБ);

- 4 000,8 мың теңге Қаскелен қаласында бес 50 пәтерлі тұрғын үй құрылысының ЖСҚ-сын әзірлеу бойынша жер учаскесінің өзгеруіне байланысты(ОБ);

- 3 263,0 мың теңге Жандосов ауылында коттедж қалашығы құрылысының ЖСҚ-сын әзірлеу бойынша жобаға өзгертулер енгізілуіне байланысты(ОБ);

- 2 894,5 мың теңге Іргелі а.о. әкімдігінің әкімшілік ғимаратының құрылысына ЖСҚ-сын әзірлеу бойынша келісім шарттың кеш жасалуына байланысты (ОБ);

- 3 006,0 мың теңге Әйтей ауылында 200 орындық мәдениет үйінің құрылысына ЖСҚ-сын әзірлеу бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысының болмауына байланысты қалған 5% қалдық (ОБ);

- 7 776,3 мың теңге Шамалған ауылында қызметтік тұрғын үймен қосарланған учаскелік полиция путктін салу бойынша жер учаскесінің өзгеруіне байланысты 2024 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартылды (ОБ);

- 2 468,4 мың теңге Көксай ауылында қызметтік тұрғын үймен қосарланған учаскелік полиция путктін салу бойынша жұмыстар көлемінің болмауына байланысты 5% қалдық, қабалдап алу-өткізіп беру актісінен кейін төленеді (ОБ);

  1. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі бойынша 7 344,9 мың теңге Жаңатұрмыс ауылында сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы бойынша қалған 5% қалдық. (ҰҚ), (Мердігер «КазЕвроСтрой» ЖШС. Келісім шарт сомасы 427,4 млн.теңге, касса 420,1 млн.теңге);
  2. Ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша 36 315,2 мың теңге.

- 32 604,8 мың теңге «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша қалған тендерлік үнем (ЖБ);

- 3 710,4 мың теңге «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша Қайнар ауылындағы Абай, Береке, Институтская, Пушкин көшелерін орташа жөндеу жұмыстары бойынша қалған қалдық. «Dauren build» ЖШС мердігердің жұмыстарды сапасыз орындауына байланысты 2023 жылдың 2 қазаны күні сотқа шағым берілді (ЖБ);. (15.05.2023ж. №87 келісім шарт, сомасы  сомасы 37,1 млн.теңге, касса 33,4 млн.теңге)

  1. Ауданның жер қатынастары бөлімі бойынша 18 951,1 мың теңге.

-3 361 мың теңге Шамалған бекетінде 4 жер телімін сатып алудан қалған үнем (РБ);

- Жетыген-Казбек темір жол желісін салу үшін жер учаскелерін сатып алудан 15 590,1 мың теңге (ҮР). Жер иесі бағалау құнымен келіспеуіне байланысты сатуға келісім бермеді.

Басқа шығындар – 1 244,5  мың теңге.

Бюджет шығындарын жекелеген функционалдық топтар бойынша қарастыратын болсақ:

Бірінші «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобы бойынша жалпы шығындар 1 876 725,0 мың теңгеде жоспарланып 1 876 630,8 мың теңгеге немесе 100,0 пайызға атқарылған (жалпы шығыстардың 4,7% құрайды). Бұл топта аудандық мәслихат аппараты, аудан әкімінің аппараты, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, ауданның экономика және қаржы бөлімі, ауданның тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі қаржыландырылған.

Екінші «Қорғаныс» функционалдық тобында қаралған 17 464,0 мың теңгенің 17 113,1 мың теңгесі игерілді немесе 98,0 пайызға атқарылды (0,04%). Бұл қаражаттар жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елдi мекендерде өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шараларға жұмсалған.

Үшінші «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобы бойынша 137 051,0 мың теңге жоспарланып 126 805,3 мың теңгеге немесе 92,5 пайызға атқарылған (0,3%). Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік объектілерін салуға облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер есебiнен 96690,0 мың теңге бөліді, оның ішінде:

Көксай ауылында қызметтік тұрғын үймен қосарланған учаскелік полиция пунктінің құрылысына 51462,0 мың теңге бөлініп, 48992,8 мың теңгесі игерілген, немесе 95,2% орындалған;

Шамалған ауылында қызметтік тұрғын үймен қосарланған учаскелік полиция пунктінің құрылысына 45228,0 мың теңге бөлінген, 37451,7 мың теңгесі (82,8%) игерілген;

Елдi мекендерде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 40361,0 мың теңге бөлінген, 40360,8 мың теңгеге игерілген немесе 99,99% орындалған.

Алтыншы «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» функционалдық тобының шығындарының 3 675 108,0 мың теңге жоспары 3 674 809,9 мың теңгеге немесе 100 пайызға атқарылған (9,3%).

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша 1692 отбасы, оның ішінде 9641 отбасының мүшелеріне тағайындалып, 936,5 млн. теңге; бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға азық-түлік жиынтықтарына (ГСП) 3354 балаға, 135,7 млн.теңге төленді.

«Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринар мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша 5020 адамға 86 584,1 мың теңге.

«Тұрғый үй көмегі» бағадарламасы бойынша 1 отбасына 60,0 мың теңге.

«Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» бағдараламасы бойынша - 235 944,0 мың теңге, нақтыланған жоспар бойынша 235 943,0 мың теңге немесе 100%-ға орындалды. Оның ішінде: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқытылатын балалары бар отбасылар (ДДУ) 903 балаға 96,5 млн. теңге, әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын (туберкулёз) 189 адамға 18,1 млн. теңге, індетке шалдыққан балаларға (ВИЧ) 10 балаға 9,0 млн. теңге, бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты мүгедек болған әскери қызметшілерге 41 адамға  4,1 млн. теңге, бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндерге арналған Ауған соғысы ардагерлеріне 248 адамға 37,2 млн. теңге, Тәжікстан-Ауған шекарасында ұрысқа қатысқан 85 адамға 12,8 млн. теңге, Таулы Карабах қақтығысына қатысқан 23 әскери қызметшілерге 3,5 млн. теңге, ЧАЭС апатына қатысқандар 53 адамға 7,9 млн. теңгеге біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.

«Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша мүгедек балаларды үйде оқытатын 193 отбасына 13 697,1 мың теңгеге әлеуметтік көмелді.

«Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету» - 219 412,0 мың теңге, нақтыланған жоспар бойынша 219 407,5 мың теңге немесе 100 %-ға орындалды;

«Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық құралдар, санаторий-курорттық емделу, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, арнаулы жүріп-тұру құралдары, жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектігі бар адамдарға қолмен көрсететін көмек» бағдарламасы бойынша 2023 жылы мүгедектігі бар адамдарды оңалту шараларымен қамту бойынша 453 бірінші топтағы жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметі, 95 есту қабілеті төмен азаматқа ымдау тілі маманының қызметі ұсынылды, 568 адам санаторлық-курорттық жолдамамен, 963 протездік-ортопедиялық құралдармен, 1742 міндетті гигиеналық құралдармен, 141 сурдотехникалық құралмен, 210  тифлотехникалық құралмен, 206 кресло-арбамен қамтылып 1 046 606,0 мың теңгесі жоспар бойынша толығымен игерілді, 100%;

        «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту» - 20 872,0 мың теңге, нақтыланған жоспар бойынша 20 871,4 мың теңге немесе 100,0%-ға орындалды;

Ауданда «2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» шеңберінде барлық үш бағыт бойынша жоспарлы көрсеткіштер орындалды.

Бағдарламаның 1 бағыты шеңберінде:

«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша 130 жұмыссыз азаматтарды кәсіби оқыту, қайта даярлау курстарына жіберу жоспарланып, 134 азамат оқуға жіберілді. Ол 103,1% құрайды. 123 азамат  оқуды аяктап, 106 азамат тұрақты жұмысқа орналысты. Бөлінген қаражат 30 млн 901 мың теңге, оның 30 млн 759 мың теңге көлемінде игерілді. Ол 99,5% құрайды.

Бағдарламаның 2 бағыты бойынша 136 азаматқа 400 айлық көрсеткіш көлеміндегі Мемлекеттік грант беру жоспарланып, 108 адам грант алды. Ол 79,4% құрайды. Себебі, қалған 28 азаматқа 5 кезеңде мемлекеттік грант беруге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі келісім бермеді. 132 млн 322 мың теңге бөлініп, 132 млн 322 мың теңге көлемінде игерілді. Ол 100% құрайды.

Бастау бизнес курсына 1334 азамат оқуға өтінім білдірді. Оның ішінде 185 жұмыссыз азамат, өз кәсібі бар 1149 азамат оқуға тіркелді.

Бағдарламаның 3 бағыты бойынша:

«Жастар тәжіребиесіне» жоғарғы және орта кәсіптік оқу орындарын бітірген 117 жас маман жіберу жоспарланып, 123 жас маман жіберілді.Ол 105,2% құрайды. Бөлінген қаражат 56 млн 640 мың теңге, оның 56 млн 640 мың теңге көлемінде игерілді. Ол 100% құрайды.

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 14 азаматты жұмысқа жіберу жоспарланып, 21 азамат жіберілді. Ол 150%  құрайды. Бөлінген қаражат 10 млн 772 мың теңге, оның 10 млн 679 мың теңге көлемінде игерілді. Ол 99% құрайды.

«Ұрпақтар келісім шартты» бойынша 4 азаматты жұмысқа жіберу жоспарланып, 4 азамат жіберілді. Ол 100% құрайды. Бөлінген қаражат 1 млн 289 мың теңге, оның 1 млн 195 мың теңге көлемінде игерілді. Ол 93% құрайды.

«Күміс жас» бойынша 50 азамат жұмысқа жіберу жоспарланып, 50 азамат жұмысқа жіберілді. Ол 100%  құрайды. 22 млн 645 мың теңге бөлініп, оның 22 млн 645 мың теңге көлемінде игерілді. Ол 100% құрайды.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру аясында 62 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу жоспарланып, 77 азамат жіберілді. Ол 124,2% құрайды. 15 млн 246 мың теңге бөлініп, оның 15 млн 246 мың теңге игерілді. Ол 100% құрайды.

Ақылы қоғамдық жұмысқа 600 адам жіберу жоспарланып, 903 азамат жіберілді. Ол 150,5% құрайды. 508 млн 518 мың теңге бөлініп, оның 508 млн 518 мың теңге көлемінде игерілді. Ол 100% құрайды.

        Жетінші «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында шығындар 5 874 399,0 мың теңге көлемінде жоспарланып 5 736 037,9 мың теңгеге немесе 97,6 пайызға атқарылды (14,5 %).

«Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алу» бағдарламасы бойынша 1 619 415,0 мың теңге бөлініп, 1 616 051,8 теңгесі игерілді, немесе 99,8%. Бұл қаражатқа Шамалған бекетінде 4 жер телімі, Радиальды жол Абай, Рысқұлов көшелері құрылысына түсетін жер телімдері, Абай ауылында Әзербаев көшесінде құрылыс түсетін жер телімі, Береке ауылында сумен жабдықтау құрылысына жер телімі, Көктоган ауылында сумен жабдықтау құрылысына түсетін жер телімдері сатып алынды.

Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражаты 54 937,0 мың теңге, оның ішінде: 47 673,2 мың теңге игерілді, игерілмегені 7 262,5 мың теңге, үнем -1,3 мың теңге.

1) «Қарасай ауданының Қаскелең қаласында бес 50 пәтерлі тұрғын үй құрылысы» нысаны бойынша ЖСҚ әзірлеу, игерілгені 45 673,2 мың теңге, жер учаскесінің өзгеруіне байланысты 4000 мың теңге игерілмеді, 2024 жылға өтпелі нысан.

2) «Қарасай ауданының Жандосов ауылында коттедж қалашығы құрылысы» нысанына ЖСҚ әзірлеу. Жалпы сомасы 16 015,5 мың теңге, жалпы игерілгені 12 753,0 мың теңге, жобаға түзету енгізуге байланысты игерілмей қалғаны 3 262,5 мың теңге. Сараптама қорытындысы 08.06.2023ж.№ТG-0051/23

3) Қарасай ауданы Елтай ауылында коттедж қалашығының құрылысына (мұғалімдерге арналған тұрғын үй) ЖСҚ әзірлеу. Жалпы сомасы 15 109,4 мың теңге, 2023 жылға 2 000 мың теңге, қалғаны 13 109,4 мың теңгесі 2024 жылға өтпелі.

«Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алу» бағдарламасы бойынша 1 431 702,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде: 1 314 415,8 мың теңге игерілді, игерілмегені 117 283,7 мың теңге, үнем - 2,5 мың теңге.

1) Қарасай ауданының Жандосов ауылында коттедж қалашығының құрылысы үшін инженерлік желілер салуға ЖСҚ әзірлеу – 3 503,0 мың теңге.  игерілгені 3501,2 мың теңге, үнем - 1,9 мың теңге. Мемлекеттік сараптама қорытындысы 19.09.2023ж №18-0178/23.      

2)  Қарасай ауданының «Өмірзақ» тұрғын үй кешені ИКЖ дамыту және жайластыру (3-4 кезек) жұмыстары бойынша орындалғаны 20 131,9 мың теңге. Атқарылған жұмыс актісі жоқ. Шарттық міндеттемелерді орындамау салдарынан жұмыс кестесінен артта қалуына байланысты мердігерлік ұйымға сотқа талап арыз берілді.               

3) Қарасай ауданының «Өмірзақ» тұрғын үй кешені ИКЖ (тұрғын үйлерге арналған кварталішілік инж. желілері) дамытуға және жайластыру жұмыстары бойынша 23 165,9 мың теңге игерілді, қалғаны 5% қалдық 26 598,0 мың теңге.

4) Қарасай ауданы Қаскелең қаласындағы «Арнау» тұрғын үй кешеніне арналған алаңнан тыс сыртқы электрмен жабдықтау желілері құрылысы бойынша объектіні пайдалануға қабылдау актісі 29.11.2023 ж.орындалғаны 258 654,0 мың тенге.

5) Қаскелең қаласындағы «Арнау» тұрғын үй кешеніне арналған алаңнан тыс кәріз желілерінің құрылысы 2024 жылға өтпелі. Игерілген сомасы 140 053,1,0 мың теңге, игерілмеген қаражатының қалдығы 33 272,9 мың теңге, себебі қалпына келтіру жұмыстарына асфальт төсеу ауа райының қолайсыз болуына (қыс мезгілінде) байланысты мүмкін емес.

6) Қаскелең қаласында «Арнау» тұрғын үй кешеніне арналған су жинау құрылысын салу (1-2 кезек) жұмыстары бойынша алдын-ала төлем 7159,8 мың теңге, игерілмеген қаражаттың қалдығы 18711,2 мың теңге, жобаға  түзетулер енгізілуіне байланысты жұмыс орындалмады, 2024 жылға өтпелі.

7) «Арнау» тұрғын үй кешенінің 5 қабатты блоктарын салуды қайта бастау 1-кезек. Сыртқы инженерлік желілер. 484 969,0 мың теңге игерілді. Мерзімі бойынша 2024 жылға ауысатын нысан.

8) Қаскелең қаласында «Арнау» тұрғын үй кешенінің құрылысы 2-кезек. Арнау ТК үшін 8 мВт БМК. 216 026,7 мың теңге игерілді. Объектіні пайдалануға қабылдау актісі 12.12.23ж.

9) «Қаскелең қаласында Абылай хан көшесі, 2/5, 2/6 учаскесі «Арнау» тұрғын үй кешенінің 5 қабатты блоктарының құрылысын қайта бастау. Газбен жабдықтау 157 754,4 мың теңге игерілді. Игерілмеген 10 849,4 мың теңге 5% қалдық. Жұмыс толық орындалды, атқарушылық құжаттама тапсырылмағандықтан және объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылмады.

10)  «Қаскелен қаласындағы бес 50 пәтерлі тұрғын үйдің инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысына ЖСҚ әзірлеу бойынша 3000 мың теңге игерілді, жер учаскесінің өзгеруіне байланысты игерілмеген қаражаттың қалдығы 27 853,0 мың теңге, 2024 жылға өтпелі.    

«Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін сатып алу» бағдарламасы бойынша 288 000,0 мың теңге бөлініп, игерілгені 287 955 мың теңге, мемлекеттік сатып алу порталында техникалық ақаулыққа байланысты акт толық сомаға ілінбеді, сондықтан 45,0 мың теңге игерілмеді. Бұл қаражат Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша келісім шарттың жалпы сомасы 662 655,0 мың теңге, соның ішінде 2023 жылға республикалық бюджеттен бөлінгені 288 000,0 мың теңге. 2024 жылға өтпелі.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне 347017,0 мың теңге бөлініп, 346861,5 теңге игерілген немесе 100% орындалған.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй қоры саласында жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтерге 17 811,0 бөлініп, 17 655,5 мың теңгесі игерілген.

Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы  трансферттермен қалалық, ауылдық округтерге: Елді мекендерді абаттандыруға – 19 7165 мың теңге бөлінген, толығымен игерілген; Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға – 109 397,0 мың теңге бөлінген, толығымен игерілген; Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге – 21 254,0 мың теңге бөлінген, толығымен игерілген;  Жерлеу орындарын күтіп ұстауға – 1 390,0 мың теңге бөлінген, толығымен игерілген.

«Мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 2757,0 мың теңге бөлініп,толығымен игерілген.

«Коммуналдық шаруашылықты дамыту» бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражаты 95 991,0 мың теңге, оның ішінде: 93 095,6 мың теңге игерілді, игерілмей қалғаны  2893,4 мың теңге, үнем - 2,0 мың теңге.

1) Қарасай ауданы Іргелі ауылдық округі әкімдігінің әкімшілік ғимараты құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша жалпы сомасы 5 977,8 мың теңге, соның ішінде  игерілгені 5 000 мың теңге, қалғаны  977,8 мың теңге. Сараптаманың жалпы сомасы 2105,0 мың теңге, оның ішінде 2023 жылға алдын-ала 30% төлем 189,5 мың теңге, игерілмей қалғаны  2893,4 мың теңге.

2) Қарасай ауданының Елтай ауылдық округі әкімдігінің әкімшілік ғимаратының құрылысы  бойынша жалпы сомасы 181 773,8 мың теңге, соның ішінде 2023 жылға бөлінгені 49 406,0 мың теңге, игерілгені 49 405,4 мың теңге. 2024жылға өтпелі.

3) Қарасай ауданының жастарға қызмет көрсету орталығының (ЦОМ) құрылысы жалпы сомасы 438 544,3 мың теңге, оның ішінде 2023 жылға 43 501,0 мың теңге бөлінді, 43 500,8 мың теңге игерілді. 2024 жылға  өтпелі.

«Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуі бағдарламасы» бойынша 103 294,0 мың теңге бөлініп, игерілген 10 3292,0 мың теңге. Бекболат ауылындағы сумен жабдықтауды ағымдағы жөндеу 13 440,0 мың теңге, Қошмамбет ауылындағы су құбыры желісінің мұнарасына қосылу 16 128,0 мың теңге, су жүйелерінің қызметіне насос сатып алуға 13 000,0 мың теңге, Шамалған ауылындағы су ұңғымасын бұрғылау 12 441,0 мың теңге, Шамалған ауылында су құбыры мұнарасын орнатуға 12 907,0 мың теңге. Жаңатұрмыс аулылының су құбырын төсеу 27 213,0 мың теңге.

«Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі жылу жүйелерін қолдануды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 76 583,0 мың теңге бөлініп, игерілген 76 582,8 мың теңге. Қаскелең қаласында Алтын ауыл ықшам ауданында қазандықтарды ағымдағы жөндеу және қызметіне – 55 765,0 мың теңге, Қаскелең қаласында Қарлығаш ықшам ауданының қазандықтарын қызмет көрсетуіне - 20 818,0 мың теңге.

«Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі газдандыру желілерін пайдалануды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша         2 760, мың теңге бөлініп, 100% игерілді. Шалқар ауылындағы орташа қысымды газ құбырына 4 жол аркаларын салуға - 2760,0 мың теңге.

«Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бағдарламасы бойынша 583 791,0 мың теңге қарастырылып, 576 445,3 мың теңгесі игерілген, қалғаны 7 345,7 мың теңге.   

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен, 16 658,0 мың теңге, 100% игерілді. Оның ішінде: Береке ауылында сумен жабдықтау жүйесі құрылысы мен қайта жаңғыртуға ЖСҚ әзірлеу – 5000,0 мың теңге, келісім-шартқа сәйкес жұмыстарды аяқтау мерзімі 16.07.2024ж.; Көктоған ауылында сумен жабдықтау жүйесі құрылысы мен қайта жаңғыртуға ЖСҚ әзірлеу – 11 658,0 мың теңге, келісім-шартқа сәйкес жұмыстарды аяқтау мерзімі 16.07.2024ж.

Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен 139 781,0 мың теңге, оның ішінде: Қаратөбе ауылында сумен жабдықтау жүйесі құрылысы мен қайта жаңғырту 1 кезең 2 кезек – 59 198,0 мың теңге; Қаратөбе ауылында сумен жабдықтау жүйесі құрылысы мен қайта жаңғырту 1 кезең 1 кезек – 32 495,0 мың теңге; Кемертоған ауылында су жүйесі құрылысы мен қайта жаңғыртуға жобалық сметалық құжаттама даярлауға 1-ші кезеңі – 10 918,0 мың теңге, толығмен игерілген, келісім-шартқа сәйкес жұмыстарды аяқтау мерзімі 30.11.2023ж.; Қаскелең қаласы кәріз жүйесі құрылысының ЖСҚ әзірлеу – 4000,0 мың теңге. Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жаңатұрмыс ауылындағы су құбырын қайта жаңғырту және салу (2-кезең) – 33 260,0 мың теңге.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен 427 352,0 мың теңге. Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жаңатұрмыс ауылындағы су құбырын қайта жаңғырту және салу (2-кезең) – 427 352,0 мың теңге бөлініп, оның ішінде 420 007,2 мың теңге игірліді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталмауына байланысты      5 331,1 мың теңге игерілмеді, Жаңатұрмыс ауылында су жүйесі құрылысы мен қайта жаңғыртуға техникалық қадағалауға 2013,7 мың теңге құрылыстың аяқталмауына байланысты игерілмеген қаражат.

         Елді мекендердегі көшелердің жарықтандыруға 180 018,0 мың теңге бөлініп, 100 % игерілген. Іргелі ауылында көшелерді жарықтандырумен жабдықтауға – 25 760,0 мың теңге; Жамбыл ауылында көшелерді жарықтандырумен жабдықтауға – 24 640,0 мың теңге; Әйтей ауылында көшелерді жарықтандырумен жабдықтауға – 25 760,0 мың теңге; Қаскелең ауылында көшелерді жарықтандырумен жабдықтауға – 25 760,0 мың теңге; Райымбек ауылдында көшелерді жарықтандыру құрылысы мен қайта жаңғыртуға мемлекеттік сараптама даярлау – 1 087,0 мың теңге. Тұрар ауылында көшелерді жарықтандырумен жабдықтауға – 35 011,0 мың теңге; Қаскелең қаласында Бөктер көшесін жарықтандыру жұмыстарына – 11 200,0 мың теңге; Қаскелең қаласында Қойтас көшесін жарықтандыру жұмыстарына – 8400,0 мың теңге.

Елді мекендерді абаттандыру және көгалданрыруға – 1 088 134,0 мың теңге бөлініп, 100% игерілген. Оның ішінде: Жалпақсай ауылында көп қабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыруға – 162 371,0 мың теңге; Алмалыбақ ауылында көп қабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыруға – 295 982,0 мың теңге; Қаскелең қаласында Абылайхан көшесін абаттандыруға жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге – 31 350,0 мың теңге; Өмірұзақ саябағын абаттандыруға – 382 628,0 мың теңге; Жандосов ауылына су ағызу үшін арық желісін жайластыру – 4 465,0 мың теңге; Қаскелең қаласындағы Наурызбай батыр, Төле би көшелері бойында скверлер және Төле би көшесіндегі көп пәтерлі тұрғын үйлердің аула алаңдарын абаттандыруға. №2 аула, 2 кезек – 43 223,0 мың теңге; Қаскелең қаласындағы Наурызбай батыр, Төле би көшелері бойында скверлер және Төле би көшесіндегі көп пәтерлі тұрғын үйлердің аула алаңдарын абаттандыруға. №2 аула, 3 кезек – 67 491,0 мың теңге; Қаскелең қаласындағы Наурызбай батыр, Төле би көшелері бойында скверлер және Төле би көшесіндегі көп пәтерлі тұрғын үйлердің аула алаңдарын абаттандыруға. №1 аула, 1 кезек – 70 210,0 мың теңге; Қаскелең қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыруға жобалық сметалық құжаттама даярлау – 15 000,0 мың теңге; Ауданның абаттандыру жұмыстарына – 1 740,0 мың теңге;  Қарасай ауданы әкімдігі алдын абаттандыруға жобалық сметалық құжыттама әзірлеуге – 13 674,0 мың теңге.

Сегізінші «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық тобында ауданның ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық кітапхана коммуналдық мекемесі, мәдениет үйі, Үшқоңыр фольклорлық ансамблі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындары  қаржыландырылады. Бұл топтың жалпы шығысы 713 881,0 мың теңге болып жоспарланып 710 727,0 мың теңгеге немесе 99,6 пайызға атқарылған (1,8%).

Мәдени - демалыс жұмысын қолдау бағдарламасы бойынша аудандық мәдениет үйінің қызметін қамтамасыз етуге 357 683,0 мың теңге жалпы шығыстары ішінде қызметкерлерінің жалақысы мен бюджеттік төлемдеріне, коммуналдық шығыстарына жұмсалған.

«Мәдениет объектілерін дамыту» бағдарламасы бойынша бюджет қаражатынан 26 010,0 мың теңге бөлініп, игерілгені 23 008,6 мың теңге, 3000 мың теңге игерілмеді, үнем 1,4 мың теңге.

1)  «Қарасай ауданы  Әйтей  ауылында  200 орындық мәдениет үйінің құрылысының» жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша жалпы сомасы 31 140,2 мың теңге, соның ішінде 2023 жылға дейін игерілгені 8000 мың теңге, 2023 жылға 23008,6 мың теңге, игерілмей қалғаны 3000 мың теңге. Сараптама қорытындысы №ТЕ-0002/24 15.01.2024ж.                          

Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамытуға – 96 134,0 мың теңге, 96 127  мың теңгеге игерілді, немесе 99,9 пайызға атқарылған.

Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткiзуге 3 250,0 мың теңгеге жоспарланып, оның орындалуы 100 пайызға атқарылған.

Әртүрлі спорт түрлері бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуына 13 653,0 мың теңгеге жоспарланып, оның орындалуы 100 пайызға атқарылған.

Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтерге 56 057,0 мың теңге жоспарланып, оның орындалуы 100 пайызға атқарылған.

Аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуіне - 112665,0 мың теңгеге жоспарланып, оның орындалуы 100 пайызға атқарылған.

Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамытуға - 889,0 мың теңге, оның орындалуы 99,9%.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат бөлімі:

Жергілікті деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге - 41037,0 мың теңге жоспарланып, оның орындалуы 99,9 пайызға атқарылған.

Мемлекеттiк органның күрделі шығыстарына 1530,0 мың теңге жоспарланып, оның орындалуы 90 пайызға атқарылған.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне 6 632,0 теңгеге жоспарланып, оның орындалуы 98,4 пайызға атқарылған.

Тоғызыншы «Отын – энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану» функционалдық тобында жалпы шығындар 84 378,0 мың теңге болып жоспарланып 84 370,4 мың теңгеге немесе 100 пайызға атқарылған (0,2 %).

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен, 66 964,0 мың теңге, 100% игерілді. Оның ішінде: Бекболат ауылында электр желілерін қайта жаңғыртуға ЖСҚ даярлау – 5072,0 мың теңге; Қайнар ауылында электр желілерін қайта жаңғыртуға ЖСҚ даярлау – 4818,0 мың теңге;  Көлащы ауылында электр желілерін қайта жаңғыртуға ЖСҚ даярлау – 5072,0 мың теңге; Жамбыл ауылында электр желілерін қайта жаңғыртуға ЖСҚ даярлау – 5072,0 мың теңге; Долан ауылында электр желілерін қайта жаңғыртуға ЖСҚ даярлау – 5072,0 мың теңге; Шамалған ауылында электр желілерін қайта жаңғыртуға ЖСҚ даярлау – 5805,0 мың теңге; Елтай ауылында электр желілерін қайта жаңғыртуға ЖСҚ даярлау – 5072,0 мың теңге; Береке ауылында электр желілерін қайта жаңғыртуға ЖСҚ даярлау – 5072,0 мың теңге; Жармухамбет ауылында электр желілерін қайта жаңғыртуға ЖСҚ даярлау – 5072,0 мың теңге; Көкөзек ауылында электр желілерін қайта жаңғыртуға ЖСҚ даярлау – 5072,0 мың теңге; Исаев ауылында электр желілерін қайта жаңғыртуға ЖСҚ даярлау – 5072,0 мың теңге; Қаскелең қаласында электр желілерін қайта жаңғыртуға ЖСҚ даярлау – 5805,0 мың теңге; Қарасай ауданындағы шекара заставасының қазандығын газбен жабдықтауға жобалық сметалық құжаттар әзірлеу – 4888,0 мың теңге, жоғарыда аталған жұмыстар аяқталған.

«Жылу энергетикалық жүйені дамыту» бағдараламасы бойынша, облыстық бюджеттен берілетін трансфертер есебінен 17 414,0 мың теңге бөлінді, игерілгені 17 412,6 мың теңге; Жібек жолы ауылында электр желілерін қайта жаңғыртуға ЖСҚ даярлауға 26.12.2021ж. №31-3 мәслихат шешімімен қаражат бөлінді. Жобаның жалпы сомасы – 6 028,0 мың теңге. 30.11.2022ж. №96 шарт "Прикаспийское управление строительства-Шымкент" ЖШС. Жұмыстар аяқталды.

Тұрар ауылында электр желілерін қайта жаңғыртуға ЖСҚ даярлауға 26.12.2021 ж. №31-3 мәслихат шешімімен қаражат бөлінді. Жобаның жалпы сомасы - 5071,0 мың теңге. 30.11.2022 ж. №97 шарт  "Прикаспийское управление строительства-Шымкент" ЖШС. Жұмыстар аяқталды.

Батан ауылында электр желілерін қайта жаңғыртуға ЖСҚ даярлауға 26.12.2021 ж. №31-3 мәслихат шешімімен қаражат бөлінді.  Жобаның жалпы сомасы - 6028,0 мың теңге. 30.11.2022 ж. №96 шарт  "Прикаспийское управление строительства-Шымкент" ЖШС. Келісім-шартқа сәйкес жұмыстарды аяқтау мерзімі 30.11.2023 ж.

Ұлан ауылында электр желілерін қайта жаңғыртуға ЖСҚ даярлауға 28.12.2021 ж. №19-3 мәслихат шешімімен қаражат бөлінді. Жобаның жалпы сомасы - 5071,0 мыңтг. 05.12.2022 ж. №105 шарт "Энергосервис ЭТЛ" ЖШС. Келісім-шартқа сәйкес жұмыстарды аяқтау мерзімі 30.11.2023ж. 2022 жылға игерілген қаражат 1000,0 мың теңге.

Оныншы «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобында жалпы шығындар 3 465 162,0 мың теңгеге жоспарланып, оның орындалуы 3 449 563,1 мың теңгеге немесе 99,5 пайызға атқарылған (8,7 %).

Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер бағдарламасы бойынша 2023 жылы Қарасай аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне  43779,0 мың теңге бөлініп, 100% игерілген.

Мемлекеттiк органның күрделі шығыстарына 567,0 мың теңге бөлініп, 100% игерілген.

Жергілікті атқарушы орган резервінің қаражат есебінен соттардың шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындауға-1227,0 мың теңге бөлініп, 100% игерілген.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары бөлімі:

Аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге - 6231,0 мың теңге бөлініп, 100% игерілген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен ағымды іс-шаралар өткізуге 3364458,0 мың теңге бөлініп, 99,5% игерілген. Оның ішінде: Жетіген-Қазбек бек темір жол желісін салуға-15589,0 мың теңге бөлінген, толығымен игерілмеді, себебі: ҮР, Жетыген-Казбек темір жол желісін салу үшін жер учаскелерін сатып алу бойынша жер иесі бағалау құнымен келіспеуіне байланысты сатуға келісім бермеді. Маслихатқа шешу бойынша ұсыныс берілген, бірақ шешілмеді. Алматы-Байсерке-Талғар газ құбырының 2-ші желісінің құрылысына -3348869,0 мың теңге бөлініп, 100% игерілген.

Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шарадарды іске асыру бағдарламасы бойынша шығыстарына 48900,0 мың теңге жоспарланып, 100 пайызға атқарылған.

«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығы негізінде, Қарасай ауданы әкімдігі мен «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арасында 155250,0 мың теңгеге кредитті келісім-шарт жасалған. Қарасай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №31-3 шешімімен «Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер» бюджеттік бағдарламасына бекітілген. Бекітілген бюджетпен кредиттің сомасы 155250,0 мың теңгені құраған. Бюджеттік кредиттердің алушылардың саны 30 адам.

Он бірінші «Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» функционалдық тобы бойынша 53 126,0 мың теңге жоспарланса, орындалғаны 53 114,6 мың теңге немесе 100 пайызға атқарылған (0,1 %).

Бұл топта ауданның құрылыс, саулет және қала құрылысы бөлімдерінің аппараттары қаржыландырылады.

Жергілікті деңгейде құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер бағдарламасы бойынша шығыстарына 53126,0 мың теңге жоспарланып, 100 пайызға атқарылған. Бөлімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарға (жалақысы мен бюджеттік төлемдеріне, жанар жағар май, байланыс, қызметтер мен жұмыстар үшін ақы төлеуге) жұмсалған.

Он екінші «Көлік және коммуникация» функционалдық тобында жалпы шығындар 2 982 699,0 мың теңгеге жоспарланып  2 982 553,0 мың теңгесі игерілген, немесе 100,0 пайызға (7,5 %).

«Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 626027,0 мың теңге қаражат бөлініп толығымен игерілген. Жандосов ауылындағы – Табия, Алимкулов, Көксай ауылындағы – Пушкин, Таңшолпан, Тәуелсіздік, Жамбыл, Қайнар ауылдарындағы – Бейбітшілік, Көлащы ауылындағы – Аронова, Бәрібаев, Алмалыбақ ауылындағы – Ералиев, Қарғауылды ауылындағы – Ақсай көшелеріндегі жолдарды жөндеу және аудандық маңызы бар жолдарды жазғы және қысқы күтіп ұстауға жұмсалды

«Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет есебінен 1843954,0 мың теңге қаражат бөлініп, 99,9 пайызға игерілген. Бұл қаражат Қаскелең қаласындағы - Булғақбаев, Тұяқбаев, Қойтас, Бастау Алматы, Аль Фараби, Байтұрсынов, Маметов, Бакинский, Барибаева, Бокина, Еңбекші, Кайназар, Құрманғазы, Өркен, Тастак, Тлендиев, Молдағұлов, Бөктер-1, Боктер-2 Боктер-3 Боктер-4 Боктер-5 көшелерін, Қарлығаш ықшам ауданындағы мектепке кіре беріс жолды, Жандосов ауылындағы – Омаров, Береке көшелерін, Абай аулындағы – Қарасай батыр, Кемертоған ауылындағы –Наурыз, Айтей ауылындағы - Алатау, Береке ауылындағы - Астана, Искаков, Қырғаулды ауылындағы Өркен, Наурыз, Іргелі ауылындағы – Жетісу, Жібек жолы ауылындағы – Жамбыл, Амангелді, Қонаев, Майлин, Алтынсарин, «Алтын таға» зауытына кіре  беріс жолды, Бекболат ауылындағы мектепке кіре беріс жолды, Көкөзек ауылындағы – Абай, Шамалған ауылындағы - Қапал батыр, Іргелі ауылындағы – Жетісу көшелеріндегі жолдарды орташа жөндеу жұмыстарына, жолдарды ағымдағы және орташа жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу қызметтеріне, елді мекендердің көшелерінің, жалпы ұзындығы 92 км жобаланған 12 мектепке кіреберіс жолдардың техникалық құжаттамасын әзірлеу қызметтеріне жұмсалды.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі: Жергілікті деңгейде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге - 10272,0 мың теңге қаражат бөлініп, 10 133,4 мың теңге игеріліп немесе 98,7 пайызға атқарылған.

Әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасмалдарын субсидиялауға – 463661,0 мың теңге қаражат бөлініп толығымен игерілген.

Төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трнасферттерге -38965,0 мың теңге қаражат бөлініп толығымен игерілген.

Он үшінші «Басқалар»  функционалдық  тобында  қаралған жоспардағы 826 214,0 мың теңге 789 891,6 мың теңгеге немесе 95,6 пайызға игерілген (2%).

Бұл топта ауданның кәсіпкерлік бөлімі, ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, ауданның тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлiмi және басқа шығындар қаржыландырылады.

Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер бағдарламасы бойынша жалпы шығыстарына 16957,0 мың теңге жоспарланып, 16950,1 мың теңге игеріліп 100 пайызға атқарылған. Мемлекеттік органның күрделі шығыстарына - 157,0 мың теңге қаражат бөлініп – 156,8 мың теңге игеріліп, 99,9 пайызға атқарылған.

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға – 809 100,0  мың теңге бөлінген, 772784,8 мың теңге немесе 95,5% атқарылған. 36315,2 мың теңге игерілмеген. Бұл қаражат Қайнар ауылындағы - Амангелді, Школьная, Алатау, Береке, Пушкина, Институцкая, Абай, Шамалған ауылындағы – Абай, Жалпақсай ауылындағы Әуезов, Қарғауылды ауылындағы – Ынтымақ, Ақтерек, Ақжар, Ақниет, Қошар, Самал, Коктем, Батан ауылындағы – Маметов, Барибаева, Қошмамбет ауылындағы – Қосағаш, Маметова, Байқоңыр, Масанчи, Жандосов, Ақсеңгір ауылындағы – Центральная, Көкөзек ауылындағы – Жамбыл, Жалпақсай ауылындағы – Сәтпаев көшелеріндегі жолдарды орташа жөндеу жұмыстарына жұмсалды.    

        2023 жылы ауданның жергілікті атқарушы органның резерві 30 241,0 млн.теңгені құрады. Аталған бағдарламаның бюджеттік бағдарлама әкімшісі ретінде аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен қаржы бөлу туралы келіп түскен қолдаухаттары Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуіріндегі № 325 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларымен» белгіленген тәртіппен қарастырыла отырып, ауданның аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының төтенше резервінен 2023 жылдың 21 шілде күні орын алған дауыл желге байланысты Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Гоголь көшесі №40 үй мекен-жайында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің шатырының ішінара зақымдануы мен бұзылуын қалпына келтіру жұмыстарына - 14 000,0 мың теңге, ауданның жергілікті атқарушы органының шұғыл шығындарға арналған резервінен төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Елтай ауылдық округіне қарасты Қаратөбе ауылынан өтетін Ақсай өзенінің арнасына түзету және қалпына келтіру жұмыстарына 14 560,0 мың теңге, әкімдіктің соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резервінен сот шешімі бойынша міндеттемелерді орындауға 1 681,0 мың теңге сомасында бағытталды.

 

 

      Экономика және қаржы

 бөлімінің басшысы                                                              Ж. Ногайбаев

 

 

 

 

        

 

Дата публикации
14 мая 2024