Алматы облысы Қарасай ауданы Жібек жолы ауылдық округ әкімі болуға кандидаттарды ұсыну туралы ақпарат
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2024 жылғы 02 маусымда Жібек жолы ауылдық округі әкімінің сайлауы өтеді.
2024 жылғы 24 сәуірде Қарасай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Жібек жолы ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады. Сайлау тағайындау, сайлау округін құру туралы қаулылар, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары, аумақтық сайлау комиссиясының құрамы және сайлау учаскелерінің шекаралары аудан әкімдігінің сайтының «Сайлау» парақшасында орналастырылды.
Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 14 учаскелік сайлау комиссиялары, 113 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Жібек жолы ауылдық әкім сайлауы өтетін округ бойынша сайлаушылар саны 26257 адамға жуық санды құрайды.
2024 жылғы 25 сәуірден бастап әкім болуға кандидаттарды ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.
2024 жылдың 07 мамырдағы жағдай бойынша 4 кандидат өзін-өзі ұсыну жолымен және 1 кандидат «Amanat» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.
Ауылдық округ әкімі болуға кандидаттарды ұсыну 2024 жылдың 07 мамыр күні сағат 18-00 де аяқталды.
Сайлауға дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Қарасай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы