Алматы облысының Қарасай ауданында Жібек жолы ауылдық округінде әкім лауазымына кандидаттар ұсыну туралы ақпарат

Алматы облысының Қарасай ауданында Жібек жолы ауылдық округінде әкім лауазымына кандидаттар ұсыну туралы ақпарат

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2024 жылғы  02  маусымда  Жібек жолы  ауылдық округі әкімінің сайлауы өтеді.

2024 жылғы 24 сәуірде Қарасай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Жібек жолы  ауылдық округі  әкімінің  сайлауын  тағайындады. Сайлау тағайындау, сайлау округтерін құру туралы қаулылар, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары, аумақтық сайлау комиссиясының құрамы және сайлау учаскелерінің шекаралары аудан әкімдігінің сайтының «Сайлау» парақшасында орналастырылды.

Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 14 учаскелік сайлау комиссиялары, 106 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Жібек жолы ауылдық әкім сайлауы өтетін округ бойынша сайлаушылар саны  26257 адамға жуық санды құрайды.

2024 жылғы 25 сәуірден  бастап әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.

2024 жылдың 06 мамырдағы жағдай бойынша 4 кандидат өзін-өзі ұсыну жолымен және 1 кандидат «Amanat» партиясы қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.

Жібек  жолы   ауылдық округі әкімдігіне  кандидат ұсыну 2024 жылғы  07 мамыр  күнгі  сағат 18-00 дейін жалғасады.

 

Қарасай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Алматы облысының Қарасай ауданында Жібек жолы ауылдық округінде әкім лауазымына кандидаттар ұсыну туралы ақпарат
Дата публикации
06 мая 2024