«Қарасай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және
спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай ауданы әкімдігінің «Үшқоңыр» фольклорлы -этнографиялық ансамблі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
қызметіндегісыбайласжемқорлықтәуекелдерінішкіталдаунәтижелерітуралы»
АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Шамалған ауылы 2024 жыл 23 сәуір
КІРІСПЕ БӨЛІМ
«Қарасай ауданы әкімдігінің «Үшқоңыр» фольклорлы -этнографиялық ансамблі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – мекеме) директорының 2024 жылғы 28 наурыздағы «Қарасай ауданы әкімдігінің «Үшқоңыр» фольклорлы -этнографиялық ансамблі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде 2024 жылғы 10-22 сәуір аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қағидаларына сәйкес келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді:
1) мекеме қызметіне қатысты ішкі нормативтік құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) мекеменің ұйымдастырушылық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Мекеме өз қызметін Қарасай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 159 қаулысымен бекітілген ереже (бұдан әрі - ереже) негізінде жүзеге асырады.
Ережеге сәйкес Қарасай ауданының аумағында Қарасай ауданының кез келген мәдени-көпшілік шараларын өткізу және ұйымдастыру функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып табылады.
Мекеме өз қызметінде келесі заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:
- Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңы»;
-Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V ҚРЗ"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңы;
- Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы" заңы;
- Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік процестік кодексі;
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі.
Талдау барысында мекеме қызметін реттейтін Ереже және өз қызметінде басшылыққа алатын заңдар мен нормативтік құжаттар зерделенді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен ережелерді талдау нәтижелері бойынша қарама-қайшылық анықталған жоқ.Қарасай ауданының мекеменің қызметі мен міндеттері жоғарыда көрсетілген заңдар мен нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келеді.
2.МЕКЕМЕНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқару қызметінде ішкі талдау қызметтің келесі бағыттары бойынша жүргізілді:
Штаттық кестеге сәйкес 2024 жылдың 1 қантарына жалпы штаттық саны 42 адамды құрайды. Кадрлардың ауысу нормасының асып кетуі анықталмады.
Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуына байланыста талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Ұсыныс: Жалақыны өсіру мәселесін қарау.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету.
2.1.Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Бөлім келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
- Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру;
Талдау кезеңінде бөліммен сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру бойынша 38 Мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар анықталмаған.
2.2.Мүдделер қақтығысын реттеу.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мүдделер қақтығысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне және жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметінің (жұмысының) фактілеріне сыртқы талдау жүргізу кезінде анықталмаған.
2.3. Мемлекеттік қызмет көрсету.
"Қарасай ауданы әкімдігінің "Үшқоңыр" фольклорлық-этнографиялық ансамблі " Мемлекеттік қызмет көрсетпейді.
2.4. Бақылау-рұқсат беру функциялары
"Қарасай ауданы әкімдігінің "Үшқоңыр" фольклорлық-этнографиялық ансамблінің " бақылау-рұқсат беру функциялары жоқ.
2.5. Тікелей байланыс қаупі Талдау көрсеткендей.
Өз қызметін Жарғыға сәйкес жүзеге асыру кезінде тікелей байланыс қаупі жоқ.
3) Нормативтік актілерді қабылдау жолындағы кедергілер.
Кәсіпорын директорының өз қалауы бойынша шешім қабылдауына әсер ететін, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін, заңнамадағы олқылықтарды жүзеге асыруына кедергі келтіретін, оларға қаулыларды өз бетінше түсіндіруге мүмкіндік беретін мән-жайлар жоқ.
3 .ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
Ішкі талдау нәтижелері бойынша бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингін жүргізу бойынша жұмыс тобының мүшелеріне төмендегідей ұсыныстар берілді:
2.жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтамаға қол қойған күннен бастап бір ай ішінде ұсынымдардың орындалуы бойынша мониторингті жүзеге асырсын.
Жұмыс тобының мүшелері:
Комлаенс -офицер А. Елеусизова
Көркемдік жетекшісі А. Нұғманов
Концерт администраторы С. Султанов
Музыкалық жетекшісі Э. Омаров
Директор Д. Назарбаева