АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА
«Қарасай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай аудандық мәдениет үйі» коммуналдық қазыналық кәсіпорны қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы
Қаскелең қаласы 23 сәуір 2024 жыл
«Қарасай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай аудандық мәдениет үйі» коммуналдық қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі - кәсіпорын) басшысының 2024 жылғы 28 наурыздағы «Қарасай аудандық мәдениет үйі» коммуналдық қазыналық кәсіпорнының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» №1 бұйрығы негізінде «Қарасай аудандық мәдениет үйі» коммуналдық қазыналық кәсіпорнында 2023 жылғы 04 қаңтар мен 29 желтоқсан аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Мекемедегі ішкі талдау 2024 жылдың 28 наурыз - 10 сәуір аралығында жүргізілді.
«Қарасай аудандық мәдениет үйі» коммуналдық қазыналық кәсіпорны өз қызметін Қарасай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 27 мамырдағы № 223 қаулысымен бекітілген Ереже негізінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қағидаларына сәйкес келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді.
Жұмыс тобының жетекшісі – Саңыраулар қоғамы клубының меңгерушісі Г. Кокебаева, жұмыс тобының мүшелері: мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Ж. Берік, әдіскер А.Рахымбердиева, SHEBER MEDYA дизайнері Б. Избасаров, «Жігер-М» мүгедек-спортшылар федерациясының төрағасы Т.А.Ходжамуратов.
2.1. Мекеме өз қызметінде мынадай нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:
- 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі»;
2.2. Заңнамадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша (қақтығыстар, олқылықтар, дискрециялық нормалар және т.б.)
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында жұмыс тобы
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған еңбек шарты (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады).
Ұсыныс: Мәдениет үйінің филиал мамандарына ШЖК қатысты нормативтік-құқықтық актілерді зерделеу, семинар өткізу
ІІІ. МЕКЕМЕНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
3.1. Персоналды басқару желісі бойынша, оның ішінде кадрлардың ауысуы
2024 жылғы 27 наурыздағы штат кестесіне сәйкес Мекеменің жалпы штат саны 76 адамды құрайды. Талданатын кезеңде жұмыстан кету (айналым) және кадрлардың ауысуы болған жоқ.
3.2. Мүдделер қақтығысын реттеу желісі бойынша
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мүдделер қақтығысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде және жақын туыстардың, ерлі-зайыптылар мен жекжаттардың бірлескен қызмет (жұмыс) фактілері анықталған жоқ.
Мекемеде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оған қарсы тұруға бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіледі, тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, мемлекеттік органның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының Заңдарын түсіндіру, «сенім телефондары» туралы ақпараттандыру жүзеге асырылады.
Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
3.3. Кәсіпорын қызмет ауқымы және бағыт бағдары
Кәсіпорын мәдениет мекемелері жүйесінің қызметін тәжрибелік жетілдіру үшін құрылады, ауылдық мәдениет үйлерінің қызметіне үйлестірмелік жетекшілікті жүзеге асырады және мәдениет үйлеріне халыққа қызмет көрсетудің тиімді жаңа әдіс-тәсілін енгізеді, бос уақыттың маңызды әрі өз мәнінде өткізудің жолдарын іздестіреді.
- «Қарасай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны облыстық халық шығырмашылығы орталығымен бірлесе отырып төмендегі іс-қимыл аясында жұмыс жүргізеді.
-Озық мәдениет үйіндегі іс-тәжірибелерді, жаңа бастамаларды тұрғындарға қызмет көрсету аясында олардың тілектеріне орай халықтың көркемөнерпаздар ұйымдарын және техникалық шығармашылықпен айналысатындардың озық үлгілерін жинақтап отырады;
-Аудандық әкімшіліктің басқа да органдарының әлеуметтік-шығармашылық тапсырыстарына орай халық шығармашылығын дамыту мақсатында байқаулар, жарыстар, семинарлар, фестивальдар өткізу, қолданбалы өнер шеберлерінің, суретшілердің шығармаларының, сауда-көрмесін ұйымдастырады;
-Халық шығармашылығының ұжымдары мен үйірмелеріндегі, техникалық және көркемдеу шеберлігінің шығармашылық, театр-студияларын, компьютерлік техника залдары мен бөлмелерін ашады, жанұялық демалыс, салт-дәстүрлер, салтанатты залдар, диско барлар құрады;
-Ақын, жырау, жыршы, термешілермен жұмыс жасайды, ақындар айтысы, байқаулар, шығармашылық есеп беру концерттерін өткізеді. Тұрғындарға ақылы қызмет көрсету көлемін ұлғайтады, шығармашылық есепке көшу бағытында материалдық-техникалық базаны жақсартуды тиімді пайдаланады;
-«Атакәсіп» бағдарламасының аясында халықтық дәстүрді дамытуға ықпал етеді, қолөнер шеберлері, ұлттық өнерді тұрғындарға ұсыну үшін сауда нүктелерін ашады;
- Мәдениет үйін өкілетті органның тағайындауы және босатуымен шешілетін-директор жетекшілік етеді.
Мәдениет үйінде 2024 жылдың І тоқсанында 50 іс-шара өткізілді. Мерзімдері бұзылған мәдениет қызметтер анықталған жоқ.
Мәдениет үйінде өткізілген іс-шаралар БАҚ-та жарияланады.
3.4. Рұқсат беру функцияларын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
-Мәдениет үйінің барлық қызмет жағдайына тұрғандарға қызмет көрсету ауқымына, көркемдік деңгейіне, идеяның мазмұндылығына жауап береді;
-Мәдениет үйінің жұмыс есебіне, жоспарланған іс-шаралардың өтуін қамтамасыз етеді;
-Кәсіпорын атынан келісім-шартсыз-ақ іс-қимыл жасайды, барлық мекеме, кәсіпорындар арасында оның өкілділігін атқарады, белгіленген заңдылыққа сәйкес мәдениет үйі ғимаратына оның мүліктері мен қаржы көздеріне иелік етеді, бос бөлмелерді, мүліктерді, әртістік киімдерді, музыка аспаптарын жалға беруге құқылы сенімхат беруші бола алады;
- Өзінің қызмет құқысының аясында бұйрық береді, заңдылыққа сәйкес мәдениет үйі мен бөлімшелерінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және босатады;
-Мәдениет үйінің ғимаратының қауіпсіздігін және пайдаланудың техникалық тәртібінің сақталуына жауап береді;
-Қызметкердің кәсіптік білімін көтеруге, еңбек тәртібінің сақталуын жақсарту бағытындағы жұмыстарды жүргізеді;
-Жоғарғы басшы органдар қоғамдық ұйымдары мен көпшілік тұрғындар жиынында мәдениет үйінің жұмысындағы аса маңызды мәселелерді шешетін ұсыныс енгізеді.
- Мәдениет үйінің құрылысы мен штат кестесі жоғарғы басшы органдардың келісімімен дербес бекітіледі.
Ұсыныс: «Қарасай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны құқықтық тұлға болып табылады.
3.5. Мәдениет үйінің ұйымдастырушылық-басқару қызметінен туындайтын басқа да мәселелер
2022 жылғы 04 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығындағы кезеңін талдау барысында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағыҚазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» № 350-VI кодексінің талаптарын бұзу фактілері анықталған жоқ.
Қарасай ауданы әкімдігінің қаулысына сәйкес мәдениет үйі және филиалдарының штат саны - 76 бірлік. 2 бос бірліктер тіркелген. Мәдени ұйымдастырушы -1 бірлік, есепшінің көмекшісі -1 бірлік.
Персоналды басқару желісі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде анықталған жоқ.
Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Жасырын мемлекеттік қызметтер анықталған жоқ.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде «Қарасай аудандық мәдениет үйі» коммуналдық қазыналық кәсіпорнының басшысына:
1) Қызмет көрсету кезінде мүдделер қақтығысын болдырмау, сондай-ақ оның жұмысын жеңілдету мақсатында Алматы облыстық халық шығармашылы орталығына «Қарасай аудандық мәдениет үйі» коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жүйесін жетілдіру және оның мемлекеттік органдардың тиісті жүйелерімен базалардың интеграциясын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныс енгізу.
2) Мүдделер қақтығысы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын-алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Жұмыс тобының мүшелері
Саңыраулар қоғамы клубының меңгерушісі, жұмыс тобының жетекшісі Г. Кокебаева
Көркемдік жетекші Ж. Берік
Әдіскер А. Рахымбериева
|
SHEBER MEDYA дизайнері
|
|
Б. Избасаров |
«Жігер-М» мүгедек-спортшылар
федерациясының төрағасы Т. Ходжамуратов
Таныстым:
Мәдениет үйінің директоры А. Булекбаева