2024 жылғы 02 маусымына белгіленген Алматы облысы Қарасай ауданының Жібек жолы ауылдық округінің әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Қарасай ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының
2024 жылғы 24сәуір
№25 қаулысымен бекітілді

2024 жылғы  02 маусымына белгіленген Алматы облысы Қарасай ауданының  Жібек жолы ауылдық  округінің әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

1. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін (бұдан әрі – әкімдер) сайлауды тағайындау

 

Қарасай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы,                   24 сәуір 2024 жыл

 (14 б,8-1т,113-1-б.2,3-т)

2. Сайлау округін, оның шекарасын және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қарасай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей- 2024 жылғы 04 мамырдан кешіктірмей

(22-б.)

3. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қарасай ауданының аумақтықсайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей–2024 жылғы 04 мамырдан кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Қарасай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен  кешіктірмей- 2024 жылғы  09 мамырдан кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау         

 

Тиісті әкімдер

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн мерзім ішінде, 2024 жылғы  09 мамырдан кешіктірмей

(23-б. 5-т.)

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және егер сайлау тағайындалған кезде өзгеше белгіленбесе, сайлау өткізілетін күнге дейін жиырма бес күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады

2024 жылдың 25 сәуірінен басталып, 2024 жылдың 07мамырында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

(113-3-б.1,5-т.)

7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Қарасай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы қажетті құжаттарды алған сәттен бастап

( 4 б., 2 т.) 113-5 б. 11 т.)

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Қарасай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі белгіленген күннен бастап.

(14 б. 8-1 т.,  31 б.)

9. Өзін-өзі ұсынған әкімдікке кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Қарасай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

кандидаттың Конституциялық Заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей.

( 113-4 б, 3 т )

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Қарасай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлерін тарта отырып өзін-өзі ұсыған азаматтардың қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күн мерзім ішінде

(113-4-б. 8-т)

11. Әкімдікке кандидаттардың жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу

 

Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар (әр бір ұсынған кандидатқа)

Кандидатты тіркегенге дейін

(113-5-б. 2-т)

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну( 2024 жылғы 1 сәуірге)

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 3-т)

13. Кандидат және оның жұбайының (зайыбының) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-б. 3-т)

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру

 

Қарасай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне жиырма күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

2024 жылдың 25 сәуірінде басталып, 2024 жылдың      12 мамырында  жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

(113-5-б,14 б,8-1тт )

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қарасай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

 

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және Қарасай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

(28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Әкімдікке кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта  аяқталады

2024 жылдың 12 мамырында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2024 жылдың 01 маусымында жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

(27-б. 2-т.)

 

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және Қарасай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну     

 

Тиісті әкімдер

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2024 жылғы 12 мамырға дейін

(24-б. 5-т)

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн  қалғанда

2024 жылғы 18 мамырдан бастап

(26-б. 1-т.)

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты мен орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2024 жылғы 23 мамырға дейін

(18-б. 5 т.), 38-б. 2-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Қарасай ауданының сайлау комиссиясы

Сайлаудан кемінде үш күн бұрын және бір күннен кешіктірмей

30 мамырынан ерте емес және 2024 жылғы                           01 маусымынан кешіктірмей.

(37-б. 3-т.)

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама толтыру

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де 02 маусым 2024 жылы

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және тиісті сайлау учаскесінде әкімдер сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

(18-б. 8 т., 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

(43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық (қалалық) аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Учаскеліксайлаукомиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  –дереу.

(113-8-б. 1-т.)

28. Әкімді сайлау қорытындыларын анықтау

 

Қарасай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

сайлаудан кейін үш күн мерзімінен кешіктірмей

2024 жылғы  05 маусымнан кешіктірмей

(113-10-б. 1 т)

29. Әкімді сайлау қорытындылары  туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қарасай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2024 жылғы 08 маусымнан кешіктірмей.

(44-б.)

30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру

 

Қарасай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзімде Конституцияға және сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сәйкес келмейтін міндеттерді өздерінен алу  туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2024 жылғы 09 маусымнан кешіктірмей.

(45-б, 2 тт. 3т, 46-б, 113-11-б.)

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

 

Күнтізбелік жоспар
Дата публикации
24 апреля 2024