Алматы облысы Қарасай ауданы Жібек жолы ауылдық
округінің әкімін сайлауды тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қарасай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алматы облысы Қарасай ауданы Жібек жолы ауылдық округінің әкімін сайлау 2024 жылғы 02 маусымға тағайындалсын.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2024 жылғы 02 маусымға тағайындалған Алматы облысы Қарасай ауданы Жібек жолы ауылдық округінің әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Қарасай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға Г. Аманова
Хатшы А. Бексултанова
Қаскелең қаласы
2024 жылғы 24 сәуір
№25