10 қаңтар 2024 жыл 01
Әйтей ауылдық округі әкімінің өкілеттігін
тоқтату туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 5-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әкімнің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Қарасай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Әйтей ауылдық округінің әкімі Катубаев Жарқын Канатовичтің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты өкілеттігін тоқтатуға әкеп соғатын негіздердің пайда болу фактісі белгіленсін.
- Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Тоққожаұлы Естеновке Әйтей ауылдық округі әкімі Катубаев Жарқын Канатовичтің өкілеттігін тоқтату туралы ұсыныс енгізілсін.
- Осы қаулы Қарасай ауданы әкімдігінің интернет-парақшасында жариялансын.
Төраға Г.Аманова
Хатшы А.Бексултанова