11 желтоқсан 2023 жыл 32
Қарасай аудандық мәслихат депутаты
А.Д. Қамалбектің өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің
туындағаны туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2011 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 3-тармағы, 1) тармақшасына сәйкес Қарасай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қарасай аудандық мәслихат депутаты Арман Даниярұлы Қамалбектің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттық мiндеттердi орындаумен сыйымсыз лауазымға сайланғаны түсу туралы жеке өтiнiшiне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
- Қарасай аудандық мәслихаттың депутаты Арман Даниярұлы Қамалбектің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қарасай аудандық мәслихатқа енгізілсін.
|
Төраға
|
Ғ. Аманова
|
|
Хатшы
|
А.Бексултанова
|