Шамалган ауылдық округі әкімінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Шамалган ауылдық округі әкімінің өкілеттігін

мерзімінен бұрын тоқтату туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36 бабының        6-тармағының 5-т., 5) т.,  сәйкес әкімнің өкілеттігін өз еркімен тоқтату туралы өтініш беруіне байланысты Қарасай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Шамалған ауылдық округінің әкімі Тоқтасынов Ержас Серғазыұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты өкілеттігін тоқтату туралы өтініш беруі себепті өкілеттігін тоқтатуға әкеп соғатын негіздердің пайда болу фактісі белгіленсін.

2.Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Тоққожаұлы Естеновке Шамалған ауылдық округінің әкімі Тоқтасынов Ержас Серғазыұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізілсін.

         3.Осы қаулы Қарасай ауданы әкімдігінің интернет –парақшасында  жариялансын.

 

         Төрайымы                                                                 Ғ.Аманова

 

         Хатшы                                                              А.Бексултанова

Шамалган ауылдық округі әкімінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы
Дата публикации
27 февраля 2024