ҚАЖД мекемелеріндегі жағдайды сауықтыруға арналған Жол картасы

ҚАЖД мекемелеріндегі жағдайды сауықтыруға арналған Жол картасы бойынша Алматы қаласы Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №10 мекемесінің қызметкерлері, орта және кіші бизнес өкілдерін мекеменің өндірістік аумағында бос жер телімдеріне тез құралатын модульдік ғимарат орнатып, алуан түрлі цехтер және өндіретн, өңдейтін фабрикалар ашуға мүмкіндік бар екенін және де мекемеде 484 еңбекке жарамды сотталғандардың бар екенін хабарлайды. Қазіргі таңда өндірістік аумағында 700-800 ш/м асатын бос жер телімдері бар.

Сонымен қатар  мекеменің өндірістік аумағында 1 065 ш/м құрайтын бос дайын ғимараттар бар екенін хабарлайды. Оның ішінде 300 ш/м қазандық ғимараты, жағдайы қанағаттандырылған, (сабын қайнататын немесе ағаш өңдейтін цехтарын ашуға болады).

Ет консервілейтін цехы 678 ш/м жағдайы өте жақсы, (ет, балық консервілерін, шұжық өнімдерін шығаруға болады).

Бүгінгі таңда комуналдық шығындар бағасы:

  1. Су бағасы 1 ш/м 219,95 теңге құрайды.
  2. Су құбырының өтімі 1 ш/м 656,56 теңгені құрайды.
  3. Электрқуаты 1 кВт 29,61 теңгені құрайды.
  4. Қазандық газ құбырымен жылығандықтан 1Гкал 24 124,99 тенге

Жоғарыда көрсетілген барлық төлемдерге НДС құны қосылып көрсетілген.

Мекеменің өндірістік аумағындағы барлық ғимараттарды, және бос жер телімдерін жалға алу мәселесі бойынша ақпаратты Еңбек-Жауғашты МРК Филиалынан алуға болады, тел: 8-727-389-13-46 М/Ж Алматы облысы Іле ауданы, Жауғашты ауылы, Абая №23.

 

Дата публикации
16 января 2024