Қарасай ауданы Әйтей ауылдық округі әкімінің
сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Қарасай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қарасай ауданы Әйтей ауылының шекарасында Әйтей ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша Әйтей сайлау округі құрылсын.
- Әйтей сайлау округінің тізімі, оның шекарасы және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Қарасай ауданының интернет-парақшасында және аудандық «NAQTY» газетінде жариялансын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық сайлау комиссиясының хатшысы А. Бексултановаға жүктелсін.
Төрайымы Г.Аманова
Хатшы А.Бексултанова