Райымбек ауылдық округі әкімі сайлауының қорытынды ХАБАРЛАМАСЫ
2023 жылғы 10 желтоқсанда Райымбек ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Қарасай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Қарасай ауданы Райымбек ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 26 938 азамат енгізілді, олардың 5548 -і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 113, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылғандар – 357.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Аульбеков А.Ч. – 346; Базарбаев Ж.М. – 4369; Сайлыбаев А.С. – 363.
Райымбек ауылдық округі әкімі болып Базарбаев Жандос Муратбекулы сайланды, 1976 жылы туылған, «Қарасай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшының орынбасары қызметін атқарады, Алматы қаласы Наурызбай ауданында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Қарасай аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 11 желтоқсандағы шешімімен 2023 жылғы 10 желтоқсанда сайланған Қарасай ауданы Райымбек ауылдық округі әкімін тіркеді.
Қарасай аудандық сайлау комиссиясы