Іргелі ауылдық округі әкімі сайлауының қорытынды ХАБАРЛАМАСЫ

Іргелі ауылдық округі әкімі сайлауының қорытынды ХАБАРЛАМАСЫ

  2023 жылғы 10 желтоқсанда Іргелі ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

  Қарасай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының             14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,                 113-10-бабына сәйкес, Қарасай ауданы Іргелі ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары  негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 25 102 азамат енгізілді, олардың 7766 -сы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 89, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылғандар – 381.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Бейсбаев Б.М. – 658; Каримов Б.Ж. – 839;  Камалбек А.Д. – 5799.

Іргелі ауылдық округі әкімі болып Қамалбек Арман Даниярұлы сайланды, 1988 жылы туылған, «ULAR» шаруа қожалығының басшысы қызметін атқарады, Қарасай ауданы Қаскелең қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

  Қарасай аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 11 желтоқсандағы шешімімен 2023 жылғы 10 желтоқсанда сайланған Қарасай ауданы Іргелі ауылдық округі әкімін тіркеді.

                             

Қарасай аудандық сайлау комиссиясы

 

Іргелі ауылдық округі әкімі сайлауының қорытынды ХАБАРЛАМАСЫ
Дата публикации
11 декабря 2023