«Қарасай ауданының әкімдігі» мемлекеттік мекемесі, Қарасай ауданы бойынша пайдаланылмай жатқан жерлерге 20 есе (базалық ставканы) салықты арттыру үшін, ҚР жайылымдық жерлерін ұтымды пайдалануды талдау нәтижесінде мақсатты бағыты бойынша пайдаланылмай жатқан жерлерді әуе фотоға түсіру қортындысына сәйкес, мақсатты бағыты бойынша пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы үшін берілген жер телімдері анықталды. Олар 259 субъектіге тиесілі 288 жер телімдері, жалпы көлемі 21933,85га, оның ішінде 252 жер телімі, көлемі 15 171,34 га Алматы облысының жер ресурстары департаментіне тапсырылды, қалған 23 жер телімі Қарасай ауданың ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімімен сотқа беріліп, жалпы көлемі 1852 га құрайтын 4 жер телімі сот шешімімен ауданның жер қорына қайтарылды, одан бөлек жалпы көлемі 99,1 га құрайтын 4 жер телімі өз еріктерімен жер телімдерінен бас тартты.