Алматы облысының Қарасай ауданында Іргелі және Райымбек ауылдық округтерінде әкім лауазымына кандидаттар ұсыну басталды
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2023 жылғы 10 желтоқсанда Іргелі және Райымбек ауылдық округтерінде әкімінің сайлауы өтеді.
2023 жылғы 01 қарашада аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Іргелі және Райымбек ауылдық округтері әкімінің сайлауын тағайындады. Сайлау тағайындау, сайлау округтерін құру туралы қаулылар, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары,аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы және сайлау учаскелерінің шекаралары аудан әкімдігінің сайтының «Сайлау» парақшасында орналастырылды.
Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 26 учаскелік сайлау комиссиялары, 207 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді.Іргелі және Райымбек ауылдық әкім сайлауы өтетін округтер бойынша сайлаушылар саны 48900 адамға жуық санды құрайды.
2023 жылғы 02 қарашадан бастап әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.
2023 жылдың 09 қарашадағы жағдай бойынша 4 кандидат өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
Іргелі және Райымбек ауылдық округтері әкімдігіне кандидат ұсыну 2023 жылғы 14 қараша күнгі сағат 18-00 дейін жалғасады.
Қарасай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы